- Бастапқы бет >
- Алыс және жақын достарыңызбен ТД көру >
- Бағдарлама нұсқаулығы арқылы достар шақыру
Бағдарлама нұсқаулығы арқылы достар шақыру
Шолу
Бірдей бағдарламаны көруге достарыңызды шақыру үшін немесе белгілі бір бағдарлама ұнағанын айту үшін бағдарлама нұсқаулығын пайдалануға болады.
Кеңестер
- 2014 жылдың наурыз айындағы жағдайға сәйкес бұл функция мына аймақтарда/елдерде қол жетімді.
Чехия Респ. / Дания / Германия / Швейцария / Австрия / Ұлыбритания / Ирландия / Испания / Франция / Италия / Нидерланд / Бельгия / Люксембург / Норвегия / Польша / Ресей / Словакия / Финляндия / Швеция / Жаңа Зеландия / Австралия / АҚШ / Канада / Бразилия
Қадамдар
Жылдамдығы жоғары Интернет байланысына қосылыңыз.
Тақырыптар тізіміне өту үшін түймесін басыңыз. Содан кейін, мәліметтер алу мақсатында «Интернетке қосылу» тармағына өту үшін түймесін қайта басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде тачпадты басыңыз. Кейін мәліметтер алу мақсатында «Интернетке қосылу» бетіне өту үшін тачпадты қайта басыңыз.)HOME түймесін басып, [Арна] тармағын таңдаңыз.
[Guide] таңдаңыз.
ТД бағдарламалары туралы толық ақпарат көрсетілді.
Қажетті бағдарлама таңдаңыз.
Бағдарламаның толық ақпараты көрсетіледі.
[Достарды шақыру] таңдаңыз.
Facebook есептік жазбаңызбен теледидарға кіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Дос таңдау экраны пайда болады.
Шақыруларды жіберу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кеңестер
- ТД арқылы алты есептік жазбаға дейін тіркеуіңізге болады.
- Есептік жазбаңызды тіркегеннен кейін кіру үшін есептік жазбалар тізімінен таңдауыңызға болады.
Ескертпелер
- [GUIDE басты әрекеті] - [Нұсқау және іздеуді іске қосу] болғанда ғана Нұсқау және іздеуi іске қосылады.