- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Дыбыс белгілері
Дыбыс белгілері
Дыбыс жоқ, бірақ сурет жақсы.
- Дыбыс деңгейін реттеушіні тексеріңіз.
- Үнді өшіруді болдырмау үшін немесе + түймені басыңыз.
- [Дыбыс] параметрінде [Зорайтқыштар] параметрін [ТД зорайтқыштары] деп орнатыңыз. Егер ол [Аудио жүйесі] деп орнатылған болса, TД динамиктері ТД дыбыс деңгейін реттеушіге қарамастан, дыбысты шығармайды.
- HDMI кірісін Super Audio CD немесе DVD-Audio бірге пайдаланғанда, DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL) аудио сигналды қамтамасыз ете алмайды.
Аудио шуы.
- Антенна 75 Омдық коаксиалды кабельмен қосылғанын тексеріңіз.
- Антенна кабелін басқа қосатын кабельдерден ары ұстаңыз.
- ТД кедергілерін болдырмау үшін зақымдалмаған антенна кабелін пайдаланыңыз.
Үй театры жүйесінде дыбыс жоқ немесе дыбыс төмен.
- [Дыбыс] параметрінде [Зорайтқыштар] параметрін [Аудио жүйесі] деп орнатыңыз.
- [Дыбыс] параметрінде [Құлаққап/Аудио шығуы] параметрін [Аудио шығуы] және [Аудио шығуы] параметрін [Бекітілген] деп орнатыңыз.
- Егер аналогтық (RF) арнаны таңдасаңыз және суреттер дұрыс көрсетілсе, ТД тарату жүйесін ауыстырыңыз. HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Аналог баптауы] → [Бағд. алғашқы қол баптауы] → [ТД жүйесі] тармағын таңдаңыз. ([Бағд. алғашқы қол баптауы] немесе опцияның қол жетімділігі аймаққа/елге/жағдайға байланысты өзгеріп отырады.)
Бұрмаланған дыбыс.
- Антенна/кабель қосылымын тексеріңіз.
- Антенна/кабельді өзге жалғанатын кабельдерден бөлек ұстаңыз.
- ТД-ды көліктер, фендер, Wi-Fi құрылғылары, ұяшы телефондар немесе оптикалық құрылғы сияқты электр шу көздерінен ары ұстаңыз.
- Опциялық құрылғыны орнатқанда, құрылғы мен ТД арасында біраз бос орын қалдырыңыз.
- Аналогтық қабылдаудың дыбысын жақсарту үшін [Бағд. алғашқы қол баптауы] ішіндегі [АДТ] орындаңыз.
- Аналогтық қабылдау үшін дыбысты жақсарту үшін [Аудио сүзгіші] параметрін [Төмен] немесе [Жоғары] деп орнатыңыз. (Аймаққа/елге байланытты [Аудио сүзгіші] қол жетімді болмауы мүмкін.)