- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Сурет/экран белгілері
Сурет/экран белгілері
Сурет сапасы дүкенде көргендей жақсы емес.
- Сурет сапасы сигнал мазмұнына байланысты. Сигнал үшін ең жақсы мүмкін суретті көрсету үшін техникалық сипаттамаларды қараңыз.
Бұрмаланған сурет.
- Антенна/кабель қосылымын тексеріңіз.
- Антенна/кабельді өзге жалғанатын кабельдерден бөлек ұстаңыз.
- Опциялық құрылғыны орнатқанда, құрылғы мен ТД арасында біраз бос орын қалдырыңыз.
- [Motionflow] параметрін [Стандарт] немесе [Өшірулі] деп орнатыңыз. ([Motionflow] үйлесімді модельдер үшін ғана.)
- [Фильм режимі] ағымдағы параметрін басқа параметрге өзгертіңіз. (Опция аты аймаққа/елге байланысты өзгеріп отырады.)
- Суреттің қабылдануын жақсарту үшін [LNA] параметрін [Өшірулі] күйіне қойыңыз. (Жағдайға/аймаққа/елге байланысты [LNA] функциясы ұсынылмауы мүмкін.)
- Аналогтық қабылдаудың суретін жақсарту үшін [Бағд. алғашқы қол баптауы] ішіндегі [АДТ] орындаңыз.
- Антенна 75 Омдық коаксиалды кабельмен қосылғанын тексеріңіз.
Экран жыпылықтап тұр.
- [Motionflow] параметрін [Импульс] параметрінен басқа мәнге қойыңыз (мысалы, [Стандарт]).
Түс жоқ/Күңгірт сурет/Сурет дұрыс емес/Сурет тым жарық
- Реттеулерді орындау үшін OPTIONS түймесін басып, содан кейін [Сурет] параметрін таңдаңыз.
- [Сурет] ішінде [Ысыру] пәрменін таңдаңыз.
- Егер [Энергияны сақтау] параметрін [Төмен] немесе [Жоғары] деп орнатсаңыз, қара деңгейі жақсарады.
Күңгірт экран. Экранды жарқырату әдісі.
- [Сурет] ішіндегі [Көмескі жарық] немесе [Контраст] реттеңіз.
- [Энергияны сақтау] опция параметрін тексеріңіз. [Төмен] немесе [Жоғары] болса, экран күңгірттенеді. Экранды жарқырату үшін [Энергияны сақтау] күйінен [Өшірулі] күйіне ауыстырыңыз.
Түс дұрыс емес. Экран реңін реттеу әдісі.
- [Сурет] ішіндегі [Рең] немесе [Түс температурасы] реттеңіз.
- Түс өңін қоюлату үшін [Сурет] ішіндегі [Түс] немесе [Нақтылы түс] реттеңіз.
Бейне мен дыбыстың арасында алшақтық бар.
- Қосылған құрылғыдан Караоке мүмкіндігін пайдаланған кезде [Көріністі таңдау] параметрін [Ойын] режиміне орнатыңыз.
Экран пішімі/кең режим автоматты түрде өзгереді.
- Арна немесе бейне кірісін өзгерткенде, егер [Экран] ішіндегі [Экран форматы] параметрі [Қосулы] күйіне қойылған болса, ағымдағы [Экран форматы] орнатымы кіріс сигналына сай автоматты түрде өзгереді. [Экран форматы] параметрін құлыптау үшін [Авто формат] күйінен [Өшірулі] күйіне ауыстырыңыз.
- [Экран] ішіндегі [Авто формат] параметрін тексеріңіз.
Сурет кенет шағын болып қалады.
- Провайдер мазмұнды тарату үшін пайдаланатын әдіске байланысты жарнамалар барысында сурет кішірек болады. HD мазмұн арналары SD мазмұнына (жарнамалар) ауысқанда, сурет шағын, қара жиекті болуы мүмкін.
- [Авто формат] мазмұн ауысқанда суретті кеңейтпейді, өйткені мазмұн туралы ақпаратты арна сигналының провайдері реттейді. Қажет болса, [Экран форматы] параметрін қолмен өзгертуге болады. Бұл арнаны/кірісті өзгерткенше немесе [Экран форматы] параметрін қайта қолмен өзгерткенше күшінде болады.
Экранның жиектерінде қара жолақтар пайда болады.
- Кейбір кең экранды бағдарламалар 16:9 арақатынасынан үлкенірек арақатынастарда түсірілген (бұл әсіресе театр қойылымдарында жиі болады). ТД осы бағдарламаларды экранның үстінде және астында қара таспалармен көрсетеді. Қосымша мәліметтер алу үшін DVD дискімен бірге келген құжаттаманы тексеріңіз (немесе бағдарлама провайдеріне хабарласыңыз).
- 4:3 арақатынасындағы бағдарламаларда экранның сол және оң жақтарында таспалар болады.
- 4:3 мазмұны бар HD пішімдерінде (720p және 1080i) таратылатын бағдарламаларда әдетте экранның сол және оң жақтарында таратушы қосатын қара таспалар болады.
- Таратушы экранның жақтарына қара таспаларды қоспағанда, [Авто формат] суретті кеңейтпейді. [Экран форматы] параметрін қолмен [Кең ұлғайту] немесе [Ұлғайту] деп орнатуға болады. Бұл арнаны/кірісті өзгерткенше немесе [Экран форматы] параметрін қайта қолмен өзгерткенше күшінде болады.
- Кейбір кабель мен жерсеріктің STB декодері де сурет өлшемін басқарады. STB декодерін пайдалансаңыз, қосымша мәліметтер алу үшін STB декодерінің өндірушісімен хабарласыңыз.
Демо режимі экранда пайда болады.
- Қашықтан басқару пультіндегі OPTIONS түймесін басыңыз және [Демоны уақытша тоқтату] параметрін таңдаңыз. Содан соң, қашықтан басқару пультіндегі HOME түймесін басыңыз және [Реттеулер] → [Жүйелік реттеулер] → [Жалпы орнату] → [Дүкеннің алдыңғы дисплейінің реттеуі] опциясын таңдаңыз. [Демо режимі] және [Суретті ысыру режимі] параметрін [Өшірулі] күйіне орнатыңыз.
Хабарландыру субтитрлер немесе басқа ақпаратты көрсетеді және жасырады.
- Хабарландыруларды көрсетпейтін етіп орнатыңыз. HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Жүйелік реттеулер] → [Ескерту параметрлері] тармағын таңдаңыз.