- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігіне қатысты ақаулардың белгілері
Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігіне қатысты ақаулардың белгілері
Экран көшірмесін көрсету функциясын пайдалану үшін құрылғының қандай түрін жалғау қажет?
- Sony Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғыларды (мысалы, Xperia смартфонының кейбір модельдері) қосуға болады.
Экран көшірмесін көрсету функциясы Miracast технологиясы арқылы жұмыс істейді, сондықтан оны Miracast технологиясына сай келетін құрылғы арқылы жалғауға болады.
Теледидарды Miracast құрылғысына қосу мүмкін емес.
- Miracast үйлесімді құрылғы (мыс., ноутбук) дұрыс жалғанбаса, HOME түймешігін басыңыз, сосын Экран көшірмесін көрсету функциясына арналған күту режимін көрсету үшін [Кірулер] → [Экран көшірмесін көрсету] таңдаңыз.
Бейне немесе дыбыс сигналы кейде үзіліп кетеді.
- Өзге сымсыз LAN құрылғылары немесе микротолқынды пештер сияқты радио толқындарды шығаратын құрылғылар сымсыз LAN қолданатын Экран көшірмесін көрсету фукнциясына кедергі келтіруі мүмкін. Теледидар немесе Sony Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғыларды (мысалы, Xperia смартфонының кейбір модельдері) осындай құрылғылардан алшақ ұстаңыз немесе мүмкін болса өшіріп тастаңыз.
- Ақпарат алмасу жылдамдығы құрылғылар арасындағы қашықтық немесе кедергілерге, құрылғы конфигурациясына, радио толқын күйіне, желінің бос немесе жиі қолданылуына немесе құрылғы түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Байланыс радио толқын күйіне байланысты үзіліп қалуы да мүмкін.
Кейбір ақылы бағдарламаларды қарау мүмкін емес.
- Негізгі құрылғы HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) 2.0/2.1/2.2 стандарттарына сәйкес болу керек. Кейбір ақылы мазмұндар HDCP 2.0/2.1/2.2 стандарттарына сәйкес келмейтін бастапқы құрылғы арқылы көрсетілмеуі мүмкін.
Экран көшірмесін көрсету жұмыс істемейді./Теледидар Экран көш-ін көрсету үй-ді құр-сы арқ. таб-ды.
- Егер Экран көшірмесін көрсетуді басқа құрылғымен пайдаланып жатсаңыз, алдымен Экран көшірмесін көрсетуді өшіріп, әрекетті қайталаңыз.
- Құрылғыңыз 5 ГГц қолдамаса және [Диапазон параметрі] опциясын [Авто (5GHz диапазоны)] күйіне қойсаңыз, оны [Авто] күйіне ауыстырып көріңіз.
- Экран көшірмесін көрсету күту режимін көрсету үшін HOME түймесін басып, [Кірулер] → [Экран көшірмесін көрсету] таңдаңыз және әрекетті қайталаңыз.