- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Желіге қос. мүм. тек. нәт-рі
Желіге қос. мүм. тек. нәт-рі
Сынақ нәтижелері: «Орындалған жоқ»/«Орындалған жоқ»/«Орындалған жоқ».
- Сымды LAN функциясын пайдалану кезінде кабель бекем қосылғандығын тексеріңіз.
- Сымсыз LAN функциясын пайдалану кезінде айнымалы ток қуатынан теледидарды ажыратыңыз, кішкене күтіп, оны қайта қосыңыз.
Сынақ нәтижелері: «ОК»/«Орындалған жоқ»/«Орындалған жоқ».
- Маршрутизаторыңыздың маршрутизатор функциясы өшірілген болуы мүмкін. Қосып, әрекетті қайталаңыз.
- Сымсыз LAN функциясын пайдалану кезінде төмендегі элементтерді тексеріңіз:
- - Егер [ТД-ғы сымсыз құрылғы] құрылғысы [Өшірулі] режиміне орнатылса, [Ішіне салынған Wi-Fi] құрылғысын [Қосулы] режиміне орнатыңыз.
- - Қате қауіпсіздік (WPA немесе WEP) кілті енгізілген болуы мүмкін. Дұрыс қауіпсіздік кілті енгізілгендігін тексеріңіз.
- - Іздеу тізімінен желіні (SSID) таңдасаңыз, дұрыс желі (SSID) таңдалғандығын тексеріңіз. SSID қолмен енгізсеңіз, дұрыс SSID енгізілгендігін тексеріңіз.
- - Дұрыс қауіпсіздік кілті мен SSID табу үшін желіңізді орнатқан адаммен кеңесіңіз немесе маршрутизатор нұсқаулығын немесе веб-сайтты қараңыз немесе маршрутизатор өндірушісіне хабарласыңыз.
- - Теледидардың сымсыз LAN функциясын сымсыз маршрутизаторға (немесе кіру нүктесіне) 5 ГГц-те қосылу үшін конфигурацияласаңыз, [Wi-Fi Direct] [Қосулы] күйінде болған кезде сымсыз маршрутизатормен байланыс ажыратылады. [Wi-Fi Direct] өшірген кезде байланыс автоматты түрде қалпына келеді.
Сынақ нәтижелері: «ОК»/«ОК»/«Орындалған жоқ» немесе «ОК»/«OK (тек IPv6)»/«Орындалған жоқ».
- Интернет қызметі провайдеріне (қате PPPoE параметр сияқты) қосылу үшін маршрутизаторыңыз (кең ауқымды маршрутизатор) қате орнатылған болуы мүмкін. Маршрутизаторыңызды дұрыс орнату үшін маршрутизатор нұсқаулығын немесе веб-сайтты қараңыз немесе маршрутизатор өндірушіге хабарласыңыз. Провайдеріңіздің орнату ақпараты (есептік жазба аты мен құпия сөз сияқты) сізге белгілі болмаса, провайдеріңізге хабарласыңыз.
Сынақ нәтижелері: «ОК»/«OK (тек IPv6)»/«OK (тек IPv6)» немесе «ОК»/«ОК»/«OK (тек IPv6)».
- Интернет қосылымын орнату үшін ТД тек IPv6 протоколын пайдаланады және белгілі бір желі функцияларын пайдалана алмауыңыз мүмкін. Маршрутизаторыңыз (кең ауқымды маршрутизатор) немесе интернет қызметінің провайдері тек IPv6 протоколын қолдауы мүмкін. Маршрутизатор IPv4 протоколын қолдайтындығын тексеру үшін маршрутизатор нұсқаулығын немесе веб-сайтты қараңыз немесе маршрутизатор өндірушісіне хабарласыңыз. Келісімшарт IPv4 қосылымын қамтитындығын білмесеңіз, провайдеріңізбен хабарласыңыз.