- Бастапқы бет >
- Бөліктердің сипаттамасы >
- Мазмұнды оңайырақ табу («Discover» экраны)
Мазмұнды оңайырақ табу («Discover» экраны)
Шолу
Discover түймесін мазмұндарды іздеу үшін пайдалануға болады (ТД бағдарламалары, Интернет мазмұндары және т.б. сияқты). Discover мәзірінде шығатын мазмұн үлгі/аймақ/мемлекетке байланысты.
Қадамдар
DISCOVER түймесін басу арқылы Discover бағдарламасын ашыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде төменгі жағын саусағыңызбен басыңыз және сырғытыңыз.)/ түймелері арқылы қажетті категорияны бөлектеңіз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде жоғары/төмен түртіңіз.)/ түймелерін пайдаланып қажетті элементті таңдаңыз, содан кейін түймесін бөлектеңіз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде элементті бөлектеу үшін солға/оңға сырғытып, таңдау үшін тачпадты басыңыз.)
Таңдалған мазмұн көрсетілді.
Discover параметрлерін өзгерту үшін
Discover параметрлерін өзгерту үшін Discover мәзірі көрсетіліп тұрғанда, OPTIONS түймесін басыңыз да, қажетті элементті таңдаңыз.
Кеңестер
- Кейбір опция параметрлері теледидар сағатының реттелуін сұрайды.