- Бастапқы бет >
- Бөліктердің сипаттамасы >
- Бастапқы мәзір экраны
Бастапқы мәзір экраны
Шолу
Бастапқы мәзірі HOME түймесін басу арқылы көрсетілуі мүмкін. [Арна], [Фильмдер] және [Қолданбалар] сияқты санаттар Бастапқы мәзірдің жоғарысында көрсетіледі. Ішкі санаттағы нобайын таңдау арқылы мазмұнды ойнатуыңызға болады. Белгішесін таңдау арқылы функцияларды (параметрді өзгерту сияқты) пайдалануға болады. Санаттар мен пайдалануға болатын элементтердің саны аймаққа/елге байланысты болады.
Қадамдар
HOME түймесін басыңыз.
/ түймелері арқылы қажетті категорияны таңдаңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде солға/оңға сырғытыңыз.)
түймесін басыңыз, содан кейін / түймелері арқылы қажетті ішкі санатты таңдаңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде төмен қарай, содан кейін солға/оңға сырғытыңыз.)
Курсорды ішкі санаттың бойымен сол/оңға жылжытқан кезде келесі ішкі санат көрсетіледі.
Қажетті мазмұнның нобайын таңдаңыз.
Мазмұн ойнатылды.
Бастапқы мәзірдегі санаттар
- [Арна]
- Тікелей немесе болашақтағы таратылымдарды және жазылған контентті көруіңізге болады. Бастапқы көзді өзгерту үшін қажетті ішкі санатты таңдаңыз. Бастапқы мәзірдің төменгі бөлігіндегі [Арналар тізімі] мәзірі арқылы таратылым жүйесін таңдауыңызға болады.
- [Фильмдер]
- Онлайн фильм қызмет провайдерлерінен, қосылған USB құрылғыларынан немесе үй желісінен фильмдерді көруіңізге болады. Бастапқы көзді өзгерту үшін қажетті ішкі санатты таңдаңыз.
- [Альбом]
- Онлайн қызмет провайдерлерінен, қосылған USB құрылғыларынан немесе үй желісінен фотосуреттер көруіңізге болады. Бастапқы көзді өзгерту үшін қажетті ішкі санатты таңдаңыз.
- [Музыка]
- Онлайн қызмет провайдерлерінен, қосылған USB құрылғыларынан немесе үй желісінен музыканы қайта ойнатуыңызға болады. Бастапқы көзді өзгерту үшін қажетті ішкі санатты таңдаңыз.
- [Қолданбалар]
- Бағдарламаларды іске қосуыңызға болады. Ерекше бағдарламалар ([Ерекше]) мен таңдаулы бағдарламаларыңыздың ([Менің бағдарламаларым]) нобайлары көрсетілген. Барлық бағдарламаларды көрсету үшін Бастапқы мәзірдің астыңғы жағындағы [Барлық бағдарламалар] таңдаңыз.
Кеңестер
- Ішкі санаттар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бастапқы мәзірдегі белгішелер
- [Search]
- Мазмұнды іздеу үшін кілт сөзді енгізуіңізге болады. Өткен шақта ізделген кілт сөздерді де таңдауға болады.
(Бұл функцияның қол жетімділігі аймаққа/елге байланысты.) - [Кірулер]
- ТД-ға қосылған кіріс құрылғыны таңдауыңызға болады.
- [Медиа сервері]
- Медиа ойнатқыш көмегімен контент шолу үшін медиа серверді (мыс., USB флэш-жады, үй желісі) таңдауыңызға болады.
- [Реттеулер]
- ТД параметрлерін өзгертуіңізге болады (мыс., Дисплей, Дыбыс, Арна).
- [Анықтама]
- Өзіндік диагностика мен тұтынушы қолдау туралы ақпаратты көруіңізге болады. Сондай-ақ, i-Manual көруіңізге болады.
- // [Желінің күйі]
- Желі байланысының күйін көруге болады.
Белгішені басу арқылы желі байланысының күйін көруіңзіге болады.
: Сымды LAN желісіне қосылған.
: Сымсыз LAN желісіне қосылған. Толқын сызықтарының саны сигнал күшін көрсетеді.
: Мобильді желіге қосылған. Жолақтар саны сигнал күшін көрсетеді. (Бұл функция аймаққа/елге байланысты қол жетімді.)
Келесі белгілер белгішеге арнайы күйді көрсету үшін қосылған.
: Бұл белгі желі қосылымының қатесін көрсетеді. Бұл белгі желіні орнату аяқталмаған кезде де пайда болады. (Мұндай жағдайда көмексөз [Желі орнатылмаған] көрсетеді.)
: Бұл белгі теледидардың үй желісіне қосылғанын, бірақ интернетке қосыла алмайтынын көрсетеді.
: Бұл белгі теледидардың желіден уақытша ажырағанын немесе желіге қазір қосылуға тырысып жатқанын көрсетеді. Егер желі дұрыс орнатылса, байланыс автоматты түрде қалпына келеді.
Егер немесе көрсетілсе, желі параметрі мен күйін тексеріңіз. HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Желіні орнату] → [Желі параметрлерін және күйді көру] тармағын таңдаңыз.