- Бастапқы бет >
- Бөліктердің сипаттамасы >
- Артқы бөлігіндегі (ортасындағы) терминалдар
Артқы бөлігіндегі (ортасындағы) терминалдар
- DC IN 19.5 V
Бірге келген қуат адаптерін жалғайды.
Теледидардың моделіне байланысты бұл мұндай ұяшықпен жабдықталмауы мүмкін. Мұндай жағдайда адаптер де берілмейді.
- DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL)
Теледидар дыбысын жалғанған сандық аудио кірісі (міндетті емес) бар үй театры жүйесі арқылы тыңдауыңызға болады.
- AV2, / COMPONENT IN
Бұл кіріс аралас бейне кірісі немесе компонент бейне кірісі ретінде пайдаланылады. Моно құрылғысын жалғаған кезде L (MONO) аудио ұяшығына жалғаңыз.
Аралас қосылым үшін бейне сигналдарына арналған AV2 пайдаланып, аудио сигналдар үшін / COMPONENT IN ішіндегі (L/R) қосылыңыз.
Компонент байланысқа арналған бейне сигналдар үшін Y, PB, PR пайдаланыңыз, сонымен қатар аудио сигналдар үшін (L/R) жалғаңыз.
- Теледидар автоматты түрде анықтап, AV2 және / COMPONENT IN ауыстырады. Кіріс түрін қолдан орнату үшін HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [AV2/Component Кіру] таңдаңыз.
- / AV1
SCART кабелі арқылы жалғау. Аналогтық декодерді жалғаған кезде теледидар тюнері кодталған сигналдарды шығарады және декодер сингалдар шығармай тұрып оларды кодтайды.
- SCART шығысын орнату белгілі модельдер мен аймақтарда жиілігі жоғары шығыс болған кезде жасалуы керек.
OPTIONS түймесін басып, [СКАРТ ЖАЗУЫ қосулы] тармағын таңдаңыз.
- SCART шығысын орнату белгілі модельдер мен аймақтарда жиілігі жоғары шығыс болған кезде жасалуы керек.
- LAN
Жергілікті желі кабелін пайдаланып бар желіге қосылады.
- CAM (Шартты кіру модулі)
Теледидардың ақылы қызметтеріне кіруді қамтамасыз етеді. Толық ақпарат үшін CAM бірге берілетін пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
- Теледидардың CAM ұяшығына тікелей смарт картасын салмаңыз. Бұл ресми дилер арқылы берілетін Шартты кіру модуліне сәйкестендірілуі керек.
- CAM модуліне кейбір елдерде/аймақтарда қолдау көрсетілмейді. Ресми дилермен байланысыңыз.
- CAM хабары интернет бейнесін пайдаланғаннан кейін сандық бағдарламаға қосқан кезде шығады.