- Бастапқы бет >
- ТД қарау >
- Сол және оң суреттерді (P&P) көрсету
Сол және оң суреттерді (P&P) көрсету
Шолу
Екі суретті (сол және оң) бір уақытта көруге болады (мысалы, жалғанған құрылғы және ТД бағдарламасы).
Қадамдар
OPTIONS түймесін басып, [Қос сурет] → [P&P] тармағын таңдаңыз.
Аудио шығысын екі суреттің арасында ауыстыру үшін / түймелерін басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде аудио шығысты ауыстыру үшін солға/оңға сырғытыңыз.)
Бөлектелген суретті тыңдауға болады.
P&P режимінен шығу үшін RETURN түймесін басыңыз.
Сурет өлшемін өзгерту
Өлшемді өзгерту үшін / түймелерін қайталай басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде өлшемін өзгерту үшін бірнеше рет жоғары/төмен сырғытыңыз.)
Екі суреттің қол жетімді тіркесімдері
(Сол және оң немесе керісінше)
- Сандық бағдарлама және бейне кіріс
- Сандық бағдарлама және компоненттік кіріс
- Сандық бағдарлама және HDMI кірісі (бейне пішімі)
- Аналогтық бағдарлама және HDMI кірісі (бейне пішімі)
- Бейне кірісі және HDMI кірісі (бейне пішімі)
Ескертпелер
- Бұл функция компьютер пішіміндегі сигналдарда қол жетімді емес.
- Егер тік жиілік сигналдары әр түрлі болатын екі сурет (мысалы, сол жақ сурет 24p және оң жақ сурет 60i жиілігімен) қатар көрсетілсе, оң жақ суреттің біркелкі қозғалысы жоғалуы мүмкін.