- Бастапқы бет >
- Үй желісін пайдалану >
- Wi-Fi Direct арқылы қосылу (сымсыз маршрутизаторсыз)
Wi-Fi Direct арқылы қосылу (сымсыз маршрутизаторсыз)
Шолу
ТД-ды «DLNA Түрту контроллері» функциясын қолдайтын Wi-Fi/Wi-Fi Direct құрылғысына (мысалы, смартфон, ДК) тікелей қосуға болады. Құрылғыдағы фотосуреттер/музыка/бейнелер сияқты мазмұнды ТД-да ойнатуға болады. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сымсыз маршрутизатор (немесе кіру нүктесі) қажет емес.
Қадамдар
HOME түймесін басып, [Реттеулер] тармағын таңдаңыз.
[Желі] → [Wi-Fi Direct] → [Қосулы] тармағына өтіңіз.
[Wi-Fi Direct реттеулері] опциясын таңдаңыз.
Wi-Fi Direct құрылғысы бар ТД атауын ТД экранынан таңдаңыз.
Құрылғы Wi-Fi Direct қолдамаса, OPTIONS түймесін басып, [Қолмен] таңдаңыз.
Теледидармен қосу үшін Wi-Fi Direct/Wi-Fi құрылғысын басқарыңыз.
Wi-Fi Direct/Wi-Fi құрылғыдан ТД-ға мазмұн жіберіңіз.
Мәліметтер алу үшін құрылғының нұсқаулығын қараңыз.
Егер қосылым орнатылмаса
Wi-Fi Direct орнатымдарына арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Қолмен] дегенді таңдаңыз.
Құрылғы WPS қолдаса, [WPS (Басу түймешігі)] параметрін таңдаңыз. Әйтпесе, [Басқа әдістер] параметрін таңдап, орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Басқа құрылғыға қосу үшін
Құрылғы қосу үшін жоғарыджа берілген қадамдарды орындаңыз. Бір уақытта 10 құрылғыға дейін жалғауға болады. 10 құрылғы бұрыннан қосылған кезде басқа құрылғыны қосу үшін қажетсіз құрылғыны ажыратып, құрылғыны қосыңыз.
Жалғанған құрылғыда көрсетілген ТД атын өзгерту
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Құрылғы атауы] тармағын таңдаңыз.
Жалғанған құрылғыларды тіркеу/құрылғыларды тіркеуден шығару
Wi-Fi Direct орнатымдарына арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Жабдық тізімін көрсету / Өшіру] дегенді таңдаңыз.
Құрылғыны тіркеуден шығару үшін жою керек тізімде құрылғыны таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз (немесе Тачпады бар қашықтан басқару құралындағы тачпадты басыңыз). Содан кейін, растау дисплейінде [Иә] пәрменін таңдаңыз.
Барлық құрылғыларды тіркеуден шығару үшін тізімде OPTIONS түймесін басыңыз, [Барлығын жою] пәрменін, содан кейін растау дисплейінде [Иә] пәрменін таңдаңыз.
Тізімнің сол жағындағы белгішелер келесіні көрсетеді.
(тексеру белгішесі): қосылған құрылғылар
(көрсету белгішесі): Экран көшірмесін көрсету үйлесімді құрылғылар
Құрылғыны ТД-ға жалғауға әрекет жасағанда тілқатысу терезесін көрсету
Бұл функцияны белсендіру қажет емес құрылғыны жалғауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Wi-Fi Direct орнатымдарына арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Тіркеу хабарламасы] дегенді таңдаңыз.
Құрылғыдан берілетін тіркеу сұрауынан бас тартқан кезде құрылғыны құрылғылар тізімінен жойылмайынша оны қоса алмайтыныңызды ескеріңіз.
Бас тартылған құрылғыны қосу үшін OPTIONS түймесін басып, [Жабдық тізімін көрсету / Өшіру] тармағын таңдаңыз да, бас тартқан құрылғыны жойыңыз. Құрылғымен жаңа қосылым орнатыңыз.
Ауқым параметрін өзгерту (мамандар үшін)
ТД ешбір маршрутизаторға сымсыз қосылмағанда Wi-Fi Direct функциясына арналған сымсыз ауқымды таңдауыңызға болады. Wi-Fi Direct параметріне арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Диапазон параметрі] дегенді таңдаңыз.
[Авто]: Әдетте осы опцияны пайдаланыңыз. Wi-Fi Direct функциясына арналған қажетті ауқымды автоматты таңдайды.
[Авто (2.4GHz диапазоны)]: Тек 2,4 Гц қолдайтын құрылғыларға қосылу кезінде осы опцияны пайдаланыңыз. Бұл опция басқаларға қарағанда көбірек құрылғыларды қолдауы мүмкін.
[Авто (5GHz диапазоны)]: 5 ГГц қолдайтын құрылғыларға қосылу кезінде осы опцияны пайдаланыңыз. Бұл опция бейне ағындау сапасын жақсартуы мүмкін.
Бұл опцияны таңдау кезінде ТД тек 2,4ГГц қолдайтын құрылғыларға қосыла алмайтындығын ескеріңіз.
[Арнаны таңдау]: Бұл опцияны арнайы сымсыз арна таңдау үшін пайдаланыңыз.
Кеңестер
- Құрылғыңыздың қолдау көрсетілген сымсыз ауқымы туралы ақпарат алу үшін құрылғыңыздың нұсқаулығын қараңыз.
- Аймаққа/елге байланысты 5 ГГц ауқым қол жетімді болмауы мүмкін. 5 ГГц ауқым қолдау көрсетілмесе, тек [Авто] және [Арнаны таңдау] пайдалануға болады.
Ескертпелер
- Егер теледидар сымсыз маршрутизатормен (немесе кіру нүктесімен) 5ГГц-пен жалғанса:
- - [Wi-Fi Direct] параметрі [Қосулы] күйіне қойылған кезде 5 ГГц байланыс ажырайды. Байланыс қосулы емес болған кезінде, Интернет арқылы байланыс (кіріс қоңырауы сияқты) тоқтатылады.
- - [Wi-Fi Direct] параметрі [Өшірулі] күйіне қойылған кезде байланыс қайта орнайды.
- Аймаққа/елге байланысты 5 ГГц ауқым қол жетімді болмауы мүмкін. 5 ГГц ауқымына қолдау көрсетілмесе, ТД тек 2,4 ГГц ауқымының көмегімен сымсыз маршрутизаторға (қатынас нүктесі) қосылуы мүмкін.