- Бастапқы бет >
- BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану >
- BRAVIA Sync реттеу
BRAVIA Sync реттеу
Шолу
Егер BRAVIA Sync-үйлесімді құрылғы (мысалы, BD ойнатқышы, AV күшейткіші) HDMI кабелімен жалғанған болса немесе BRAVIA Sync-үйлесімді құрылғы (мысалы, смартфон, планшет) MHL кабельмен жалғанған болса, бұл теледидар құрылғыны теледидардың пультімен басқаруға мүмкіндік береді.
Қадамдар
Жалғанған құрылғыны қосыңыз.
HOME түймесін басып, [Реттеулер] тармағын таңдаңыз.
[Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [BRAVIA Sync басқ.] → [Қосулы] тармағын таңдаңыз.
Жалғанған құрылғыдағы BRAVIA Sync опциясын қосыңыз.
Sony BRAVIA Sync үйлесімді нақты құрылғы жалғанып, қосылғанда және [BRAVIA Sync басқ.] параметрі [Қосулы] күйіне орнатылғанда, сол құрылғыдағы BRAVIA Sync функциясы автоматты түрде іске қосылады.
Мәлімет алу үшін жалғанған құрылғының нұсқаулығын қараңыз.
ТД өшіргенде жалғанған құрылғыны автоматты түрде өшірмеу үшін
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [Авто жабдықтар өшірулі] → [Өшіру] тармағын таңдаңыз.
Жалғанған құрылғыны қосқанда, ТД автоматты түрде қоспау үшін
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [Авто ТД қосулы] → [Өшіру] тармағын таңдаңыз.
Теледидар кірісін MHL кабелімен жалғанған сәйкес құрылғыға ауыстыру үшін
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [Авто кіріс өзгерісі(MHL)] → [Қосулы] тармағын таңдаңыз.
Қол жетімді BRAVIA Sync әрекеттері
BD/DVD ойнатқышы
- Бастапқы мәзір немесе Sync Menu мәзірінде таңдағанда, BRAVIA Sync-үйлесімді құрылғысын автоматты түрде қосады және кірісті сол құрылғыға ауыстырады.
- ТД автоматты түрде қосады және құрылғы ойнай бастағанда, кірісті жалғанған құрылғыға ауыстырады.
- ТД-ды өшіргенде, жалғанған құрылғыны автоматты түрде өшіреді.
- Теледидардың қашықтан басқару пульті арқылы жалғанған құрылғының мәзір әрекеттерін (/// түймелері), ойнатуды (мысалы, түймесі) және арнаны таңдауды басқарады.
AV күшейткіші
- ТД қосқанда, жалғанған AV күшейткішін автоматты түрде қосады және дыбыс шығысын ТД динамигінен аудио жүйеге ауыстырады. Бұл функция бұрын ТД дыбысын шығару үшін AV күшейткішін пайдаланған болсаңыз ғана қол жетімді.
- ТД қосылғанда, AV күшейткішін қосу арқылы дыбыс шығысын AV күшейткішіне автоматты түрде ауыстырады.
- ТД өшіргенде, жалғанған AV күшейткішін автоматты түрде өшіреді.
- ТД қашықтан басқару пульті арқылы жалғанған AV күшейткішінің дыбыс деңгейін реттейді ( +/– түймелері) және дыбысты өшіреді ( түймесі).
Бейнекамера
- Жалғанған бейнекамера қосылғанда, ТД автоматты түрде қосады және кірісті жалғанған бейнекамераға ауыстырады.
- ТД өшіргенде жалғанған бейнекамераны автоматты түрде өшіреді.
- Теледидардың қашықтан басқару пульті арқылы жалғанған бейнекамераның мәзір әрекеттерін (/// түймелерін), ойнатуды (мысалы, түймесі) және арналарын таңдауды басқарады.
Ескертпелер
- Тек BRAVIA Sync логотипі бар жалғанған BRAVIA Sync үйлесімді құрылғысы үшін «BRAVIA Sync басқ.» (BRAVIA Sync) қол жетімді.