- Бастапқы бет >
- Негізгі әрекеттер >
- i-Manual пайдалану әдісі
i-Manual пайдалану әдісі
Ақпарат іздеу
Бұл i-Manual ТД функцияларын қалай пайдалануды түсіндіреді. i-Manual негізгі бетте ақпаратты іздеудің қалаған әдісін таңдауға болады.
- Мазмұны: тақырыптар тізімінде іздейді.
- Ақаулықтарды жою: мәселелердің шешімдерін іздейді.
- Индекс: функция/мүмкіндік аты бойынша іздейді.
// қойындыларынан таңдаңыз.
Кеңестер
- Берілген қағаз нұсқаулықта сәтсіз жағдайларды болдырмау үшін сақтық шаралар мен жұмыс істеу туралы нұсқаулар сияқты маңызды ақпарат бар. Қауіпсіз пайдалану үшін берілген қағаз нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Қадамдар
Процедураның мысалы: «Мазмұны» іздеу
Осы нұсқаулықтың негізгі бетінде / түймелерін пайдаланып «Мазмұны» қойындысын бөлектеңіз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде солға/оңға сырғытыңыз.)/ түймелерін пайдаланып экранның сол жағында тақырыпты бөлектеңіз, кейін таңдау үшін түймесін басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде тақырыпты бөлектеу үшін жоғары/төмен сырғытып, таңдау үшін тачпадты басыңыз.)
Экранның оң жағындағы тақырыптар экранның сол жағында таңдалған тақырыпқа сай өзгереді.
/ түймелерін пайдаланып экранның оң жағында тақырыпты бөлектеңіз, кейін таңдау үшін түймесін басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде тақырыпты бөлектеу үшін жоғары/төмен сырғытып, таңдау үшін тачпадты басыңыз.)
Таңдалған тақырыптың беті пайда болады.
Келесі бетке өту үшін түймесін басыңыз.
Алдыңғы бетке оралу үшін түймесін басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде солға/оңға сырғытыңыз.)
Негізгі бетке өту
Экранның төменгі жағында көрсетілген сәйкес түсті түймені басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде экран пернесі тақтасын ашу үшін Басқару жолағын () түртіп, сәйкес түс түймесін таңдаңыз.)
i-Manual жабу
i-MANUAL түймесін басыңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде экран пернесі тақтасын ашу үшін Басқару жолағын () түртіп, i-MANUAL түймесін таңдаңыз.)
i-MANUAL түймесін қайта бассаңыз, алдында көрсетілген бет қайта пайда болады. ТД өшіріп қосқаннан кейін i-MANUAL түймесін бассаңыз, негізгі бет пайда болады.
ТД пайдалану кезінде бетті қайта көрсету
ТД экраны мен i-Manual алдында көрсетілген беті арасында ауыстырып қосу үшін i-MANUAL түймесін қайта-қайта басыңыз. Осылайша, ТД пайдалану кезінде i-Manual қарай аласыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде Басқару жолағын түртіп, (), i-MANUAL түймесін бөлектеу үшін тачпадты сырғытыңыз, кейін таңдау үшін тачпадты басыңыз.)
Жиі көретін беттерді сақтау (бетбелгі)
Түсті түймені пайдаланып, осы нұсқаулықта жиі көретін беттерді сақтай аласыз. Бетбелгі қою туралы мәліметтерді алу үшін экранның төменгі жағында [Сілтеме көрсету] сай келетін түсті түймені таңдаңыз.
(Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде Басқару жолағын түртіп, (), [Сілтеме көрсету] сәйкес келетін түс түймесін бөлектеу үшін таяпадты сырғытыңыз, кейін таңдау үшін тачпадты басыңыз.)