MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

HDMI ұялары арқылы құрылғыларды қосу

Құрылғыларды ресиверге төменде бейнеленгендей жалғаңыз.

Кабельдерді қоспас бұрын айнымалы ток сымының (электр сымы) ажыратылғанын тексеріңіз.

Құрылғының HDMI ұясы болмаса, "HDMI ұяларынан басқа ұялары бар құрылғыларды қосу (STR-DN1050 үшін)" немесе "HDMI ұяларынан басқа ұялары бар құрылғыларды қосу (STR-DN850 үшін)" бөлімдерін көріңіз.

HDMI кабелі (қамтамасыз етілген)
Sony корпорациясы HDMI-рұқсатты кабелін немесе Sony жасаған HDMI кабелін пайдалануды ұсынады.

Спутниктік тюнер, кабельді ТД тюнері

PlayStation3

DVD рекордері

Super Audio CD ойнатқыш, CD ойнатқыш

Blu-ray Disc ойнатқыш, DVD ойнатқыш

Ескертпе

  • Бұл HDMI байланысы үлгі болып табылады. Сіз кез келген HDMI құрылғысын, алдыңғы тақтадағы HDMI кірісімен қоса, кез келген HDMI кірістеріне қоса аласыз.
  • BD/DVD және SA-CD/CD кірістері жақсы дыбыс сапасына ие. Жоғары дыбыс сапасын қаласаңыз, құрылғыны осы ұяларға қосып, оларды кіріс ретінде таңдаңыз.

Кеңес

  • Кескіннің сапасы қосу ұясына байланысты. HDMI ұялары болса, құрылғыларды HDMI байланысы арқылы қосу ұсынылады.