MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

Бейне шығысымен аудионы синхрондау (A/V Sync)

Аудио шығыс көзі мен көрінетін дисплей арасындағы уақыт аралығын төмендету үшін аудио шығысын кейінге қалдыруға болады.

Бұл функция үлкен LCD, плазмалық мониторды немесе проекторды қолданған кезде пайдалы. Әр кіріс үшін функцияны бөлек-бөлек орнатуға болады.

  1. Бастапқы мәзірден [Settings] - [Audio Settings] параметрін таңдаңыз.
  2. [A/V Sync] параметрін таңдаңыз.
  3. Қажетті параметрді таңдаңыз.
    • HDMI Auto: HDMI байланысы арқылы қосылған монитор үшін аудио шығыс көзі мен көрінетін дисплей арасындағы уақыт аралығы автоматты түрде реттеледі. Бұл мүмкіндік монитор A/V Sync функциясына қолдау көрсеткенде ғана қол жетімді.
    • 0 ms – 300 ms: 0-300 мс аралықпен 10 мс ішінде кейінге қалдыруды реттеуге болады.

Ескерту

  • Аудио пішімге байланысты, ресивер сигналдарды кіріс сигналдарының нақты дискреттеу жиілігінен төмен дискреттеу жиілігінде ойнатуы мүмкін.