MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850
USB құрылғылары бойынша ескертпелер
- USB құрылғысын жұмыс кезінде шығармаңыз. USB құрылғыға арналған деректердің бүлінуіне немесе зақымдалуына жол бермеу үшін USB құрылғысын қосу немесе шығару кезінде ресиверді өшіріңіз.
- USB құрылғысын ресиверге USB түймешігі арқылы жалғамаңыз.
- USB құрылғысы қосылғанда, [Reading] пайда болады.
- Бұл қосылған USB құрылғының түріне байланысты [Reading] пайда болмас 10 секундтай уақыт алуы мүмкін.
- USB құрылғысы қосылғанда ресивер USB құрылғысындағы барлық файлдарды оқиды. USB құрылғысында қалталар немесе файлдар көп болса, бұл USB құрылғысын оқуды аяқтау үшін ұзақ уақыт алуы мүмкін.
- Ресивер келесіге дейін таниды
- 256 қалта ([ROOT] қалтасымен қоса).
- Әр қалта ішіндегі 256 аудио файл.
- 8 қалта деңгейлері (файлдардың тармақты құрылымы, [ROOT] қалтасымен қоса).
Аудио файлдар мен қалталардың ең көп саны файл мен қалта құрылымына байланысты өзгеруі мүмкін. USB құрылғысындағы файлдардың басқа түрлерін немесе қажет емес қалталарды сақтамаңыз.
- Барлық кодтау/жазу бағдарламалық жасақтамаларымен, жазу құрылғыларымен және жазу медиасымен үйлесімділікке кепілдік берілмейді. Үйлесімсіз USB құрылғылары шу немесе үзілген аудио тудыруы мүмкін немесе мүлдем ойнатылмауы мүмкін.
- Ойнатуды бастау үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін:
- қалта құрылымы күрделі.
- жад сыйымдылығы шектен асты.
- Бұл ресивер қосылған USB құрылғысы ішінде берілген барлық функцияларға қажетті түрде қолдау көрсетпейді.
- Ресивер үшін ойнату реті қосылған USB құрылғысының ойнату ретінен өзгеше болуы мүмкін.
- Аудио файлдар жоқ қалталар таңдалса, [No Track] пайда болады.
- Өте ұзақ тректі ойнатқан кезде кейбір операциялар ойнатуды кешіктіруі мүмкін.