MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

2-әдіс: WPS PIN коды конфигурациясының әдісі арқылы сымсыз желіні орнату

Құрылғылар арасында байланысты куәландыру үшін ресивердің WPS PIN (жеке идентификациялық нөмірі) кодын сымсыз LAN маршрутизаторы/қатынасу нүктесіне енгізу арқылы байланысты орнатуға болады.

  1. Бастапқы мәзірден [Settings] - [Network Settings] параметрін таңдаңыз.
  2. [Internet Settings] параметрін таңдаңыз.
  3. [Wireless] параметрін таңдаңыз (*).

    * Келесіні таңдау мүмкін емес: [Wireless] LAN кабелі ресиверге қосулы болса.

  4. [Manual Registration] таңдаңыз.
  5. [WPS PIN] таңдаңыз.

    Қолжетімді SSID (қатынасу нүктелері) тізімі көрсетіледі.

  6. Қалаған желі атауын (SSID) таңдаңыз.

    Ресивердің PIN коды (8 таңба) ТД экранында пайда болады. Байланыс аяқталмағанша PIN кодын көрсетулі күйінде қалдырыңыз. (Сіз осы әрекетті орындаған сайын әртүрлі PIN коды пайда болады.)

  7. Ресивердің PIN кодын сымсыз LAN маршрутизаторына/қатынасу орнына енгізіңіз.

    Ресивер желіге қосылуды бастайды. Мәліметтер үшін ТД экранында көрсетілетін хабарларға қараңыз.
    Желі параметрлері толық болған соң, [] дисплей тақтасында жанады.

Ескерту

  • WPS PIN функциясына қолдау көрсетпейтін SSID бұлыңғыр болып пайда болады және оны 5-қадамда таңдау мүмкін емес.

Тұспал

  • WPS (Wi-Fi қорғалған орнату) - Wi-Fi Alliance ұйымының сізге сымсыз желіні оңай және қауіпсіз орнатуға мүмкіндік беру үшін жасаған стандарты.
  • Желі параметрлерін тексеру кезінде [Information] қараңыз.
  • PIN кодын сымсыз LAN маршрутизаторына/қатынасу нүктесіне енгізу туралы қосымша мәліметтерді сымсыз LAN маршрутизаторының/қатынасу орнының пайдалану нұсқаулықтарынан қараңыз.