HDMI ұялары арқылы құрылғыларды қосу
Құрылғыларды ресиверге төменде бейнеленгендей жалғаңыз.
Кабельдерді қоспас бұрын айнымалы ток сымының (электр сымы) ажыратылғанын тексеріңіз.
Құрылғының HDMI ұясы болмаса, келесі бөлімді қараңыз “HDMI ұяшықтарынан басқа ұяшықтар арқылы құрылғыларды қосу.”
HDMI кабелі (жинақта берілмеген)
Sony компаниясы HDMI-рұқсатты кабелін немесе Sony HDMI кабелін пайдалануды ұсынады.
Спутниктік тюнер, кабельді ТД тюнері
PlayStation3
DVD рекордері
Blu-ray Disc ойнатқыш, DVD ойнатқыш
Ескерту
- Бұл HDMI байланысы үлгі болып табылады. Әр HDMI құрылғысын кез келген HDMI кірісіне қосуға болады.
- BD/DVD кірісі жақсы дыбыс сапасына ие. Жоғары дыбыс сапасын қаласаңыз, құрылғыны осы ұяларға қосып, оларды кіріс ретінде таңдаңыз.
Тұспал
- Кескіннің сапасы қосу ұясына байланысты. HDMI ұялары болса, құрылғыларды HDMI байланысы арқылы қосу ұсынылады.