MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DH750/STR-DH550

HDMI байланыстарын қолдану

High-Definition Multimedia Interface (HDMI) - бейне және аудио сигналдарды сандық пішімде тасымалдайтын интерфейс. Sony “BRAVIA” Sync үйлесімді құрылғыларын HDMI кабельдерін қолдану арқылы қосу жұмыстарды жеңілдетеді. Қарау “HDMI байланысын қосу арқылы басқа құрылғыларды қосулы күйге қосу (“BRAVIA” Sync).”

HDMI мүмкіндіктері

  • HDMI арқылы тасымалданатын сандық аудио сигналдар ресиверге жалғанған динамиктерден шығарылады. Бұл сигнал Dolby Digital, DTS (тек АҚШ және Канада үлгілері үшін емес) және Linear PCM үшін қолдау көрсетеді. Мәліметтерді “Ресивер арқылы қолдау көрсетілетін сандық аудио пішімдер” бөлімінен қараңыз.
  • Ресивер 192 кГц немесе одан аз дискреттеу жиілігіндегі HDMI байланысы арқылы Multi Channel Linear PCM (8 арнаға дейін) қабылдайды.
  • Бұл ресивер High Bitrate Audio (DTS-HD Master Audio, Dolby TrueHD), Deep Color (Deep Colour), “x.v.Color (x.v.Colour)” және 4K немесе 3D тасымалына қолдау көрсетеді.
  • 3D кескіндерді көру үшін 3D үйлесімді теледидар және бейне құрылғысын (Blu-ray Disc ойнатқышы, Blu-ray Disc рекордері, PlayStation 3, т.б.) High Speed HDMI кабельдерін қолдану арқылы ресиверге қосып, 3D көзілдіріктерін алып, 3D үйлесімді мазмұнды ойнатыңыз.

Ескерту

  • Теледидар немесе бейне жабдығына байланысты 4K немесе 3D кескіндер көрсетілмеуі мүмкін. Ресивер қолдау көрсететін HDMI бейне пішімдерін тексеріңіз.
  • Мәліметтерді әр қосылған құрылғыға қоса берілген пайдалану нұсқауларынан қараңыз.