BLUETOOTH құрылғысында сақталған аудио мазмұнды бір рет түрту байланысымен (NFC) тыңдау (тек STR-DH750 үшін)
BLUETOOTH құрылғысындағы аудио мазмұнды бір рет түрту байланысымен NFC функциясын қолдану арқылы тыңдауға болады.
- NFC Easy Connect бағдарламасын ұялы құрылғыға жүктеңіз.
NFC үйлесімді ұялы құрылғы Android OS 4.1 немесе кейінгі нұсқасымен қолданылса, NFC Easy Connect бағдарламасын орнату қажет емес.
- Ресивердегі белгісін ұялы құрылғымен түртіңіз.
- Байланыстың [BT] аяқталғанын және дисплей тақтасында жанатынын тексеріңіз.
- BLUETOOTH құрылғысында мазмұнды ойната бастаңыз.
- Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Алдымен BLUETOOTH құрылғысының дыбысын реттеңіз. Дыбыс деңгейі әлі тым төмен болса, ресивердегі дыбыс деңгейін реттеңіз.
Үйлесімді смартфондар
NFC функциясы бар смартфондар (үйлесімді OS: Android 2.3.3 немесе кейінгі нұсқасы)