MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту (Network Update)

Бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңарту арқылы жаңа функцияларды пайдалана аласыз.
Қолжетімді бағдарламалық жасақтама жаңартулары туралы қосымша ақпаратты тұтынушыға қолдау көрсету торабынан қараңыз .

  1. Бастапқы мәзірден [Settings] - [System Settings] параметрін таңдаңыз.
  2. [Network Update] таңдаңыз.
  3. [Start] параметрін таңдаңыз.

    Жүктеу процесіне қажетті уақыт Интернет байланысының жылдамдығы және тағы сол сияқты жүктеу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

    [Downloading 100%] хабары жүктеу процесі аяқталғанда теледидар экранында пайда болады.

    Жүктеу процесі аяқталғанда ресивер бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды автоматты түрде бастайды. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту барысында теледидар экранындағы және дисплей тақтасындағы көрсетілімдер автоматты түрде өшеді. Тек (қосулы/күту) индикаторы баяу жыпылықтайды.

    Жаңарту процесі аяқталғанша көп дегенде шамамен 40 минут уақыт алуы мүмкін.

    Жаңарту аяқталған кезде [COMPLETE] жазуы пайда болады және ресивер автоматты түрде қайта іске қосылады.

Ескерту

  • Жаңарту операциясы жүріп жатқанда ресиверді өшірмеңіз, желі кабелін ажыратпаңыз, басқа да кез келген операцияларды орындамаңыз.
  • Жаңартуды бастаған кезде бастапқы бағдарламалық жасақтама нұсқасын қалпына келтіру мүмкін емес.
  • Бағдарламалық жасақтаманы ұйқы таймері қосылған кезде орындауға әрекеттенсеңіз, ұйқы таймері автоматты түрде өшеді.