MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

Үй желісіндегі серверде сақталған аудио мазмұнын қолдану (DLNA)

Ресивер арқылы серверге сақталған DSD, FLAC, WAV, AAC, MP3 және т.б. сияқты аудио мазмұнды кері ойнатуға болады.

Ресивердің сервер мазмұнын ойнатуға мүмкіндік беруіне теңшелетін кейбір параметрлерді сервер талап етуі мүмкін. Мәліметтерді пайдалану нұсқауларынан немесе тиісті құрылғылар мен бағдарламалардың анықтамаларынан қараңыз.

Сервер

  1. Бастапқы мәзірден [Listen] - [Home Network] параметрлерін таңдаңыз.

    ТД экранында серверлер тізімі пайда болады.
    Егер соңғы таңдалған элемент (ойнату тізімі, альбом, қалта, т.б.) ТД экранында пайда болса, келесі RETURN түймесін серверлер тізімін қайтару үшін басыңыз.
    Егер [No server is available] пайда болса, келесі OPTIONS түймесін басып, кейін [Refresh] түймесін серверлер тізімін жаңарту үшін басыңыз.

  2. Серверді таңдаңыз.

    ТД экранында мазмұн пайда болады.

    Егер сервер қолжетімсіз болса, келесі OPTIONS түймесін басып, кейін [Refresh] түймесін серверлер тізімін жаңарту үшін басыңыз.

  3. Қалаған элементіңізді (ойнату тізімі, альбом, қалта, т.б.) таңдаңыз.

    Таңдаулар қысқарып, қалаған элементіңіз пайда болмағанша осы қадамды қайталай беріңіз. Көрсетілетін элементтер қосылған серверге байланысты көрсетіледі.

  4. Тыңдау қажет тректі таңдаңыз.

    Ойнатыла бастайды.

Ескерту

  • DRM (Digital Rights Management) авторлық құқықтармен қорғалған аудио мазмұн бұл ресиверде ойнатылмайды.
  • Осы ресиверде ойнатылмайтын кейбір тректер болуы мүмкін.

Тұспал

  • Егер сервер құрылғысы Wake-on-LAN стандартына қолдау көрсетсе, ресивер серверді автоматты түрде қосады. Егер сервер Wake-on-LAN стандартына қолдау көрсетпесе, серверді алдын ала қосып қойыңыз. Сервердің Wake-on-LAN параметрлері немесе операциялары туралы қосымша ақпарат алу үшін пайдалану нұсқауларын немесе серверіңіздің анықтама бөлімін қараңыз.
  • Егер сіз қалтаны (орындаушы қалтасы, жанр қалтасы, т.б.) таңдасаңыз, түймесін басқанда ресивер таңдалған қалтадағы барлық элементтерді ойнатады.