MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

Сымды LAN байланысы үшін жүйе талаптары

Келесі жүйе ортасы ресивердің желі функциясын сымды LAN байланысы арқылы пайдалануы үшін қажет.

Жылдамдығы жоғары байланыс

Интернетпен жылдамдығы жоғары желі байланысы музыка қызметтерін тыңдау үшін және ресивердің бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін қажет.

Маршрутизатор

  • Үй желісінің мазмұнын тыңдау үшін 100 Мбит/с не одан жоғары тасымалдау жылдамдықтарымен үйлесімді маршрутизаторды қолданыңыз.
  • Кірістірілген DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) сервері бар маршрутизаторды қолдануды ұсынамыз.
    Бұл функция LAN маршрутизаторындағы құрылғыларға IP мекенжайын автоматты түрде тағайындайды.

LAN кабелі (CAT5)

  • Электрлік шуды болдырмау үшін сымды LAN үшін қалыпты түрлі кабельді пайдалануды ұсынамыз.
  • Кейбір жалпақ түрлі LAN кабельдері шу әсеріне тез ұшырайды.

Сервер

Сервер - мазмұнды үйдегі желідегі DLNA құрылғысына жіберетін құрылғы болып табылады. Сервер (компьютер, т.б.) ретінде пайдаланатын құрылғы сымсыз немесе сымды LAN үйдегі желісіне қосылған болуы керек.