- Бастапқы бет >
- Үй желісін пайдалану >
- Смартф-ды/планш-ті пульт рет-е қол-у
Смартф-ды/планш-ті пульт рет-е қол-у
Шолу
ТД-ды «TV SideView» қолданбасы орнатылған тасымалы құрылғы арқылы басқаруға болады. Смартфон немесе планшет сияқты тасып жүруге болатын құрылғыдағы сенсорлы панель мүмкіндігі бар ТД-ды қарауға болады. Ұялы телефонды ТД-дың қашықтан басқару пульті ретінде пайдалану үшін оны ТД-ға қашықтан басқару құрылғысы ретінде тіркеңіз. (Тіркеу бірінші рет үшін ғана қажет.)
«TV SideView» қолданбасы орнатылған тасымалы құрылғыда жасауға болатын әрекет түрлері
- Іске қосу және ТД қашықтан басқару пульті ретінде басқару
- Мобильді құрылғының пернетақтасын пайдаланып мәтінді енгізу
Кеңестер
- «TV SideView» бағдарламаны мына жерден іздеуге және жүктеуге болады:
- - Google Play (Android ОЖ жабдықталған телефондар үшін)
- - Бағдарламалар дүкені (iPhones үшін)
Қадамдар
ТД-ды «Интернетке қосылу ішіндегі қадамдарды орындап, үй желісіне қосыңыз.»
Тақырыптар тізіміне өту үшін түймесін басыңыз. Содан кейін, егжей-тегжейлі мәліметтер алу мақсатында тармағына өту үшін «Интернетке қосылу» түймесін қайта басыңыз.Ұялы телефонды/компьютерді ТД қосылған үй желісіне қосыңыз.
Мобильді құрылғыдағы «TV SideView» бағдарламаны іске қосып, үй желісіндегі теледидарды іздеңіз.
Тасымалы құрылғыда анықталған құрылғылар тізімі пайда болады.Анықталған құрылғылар тізімінде теледидарды таңдап, қажет әрекетті құрылғыда орындаңыз.
Өзара тіркеу (жоғарыдағы қадамдар) тек бірінші рет керек.
Мобильді құрылғыңызда «TV SideView» іске қосқан кезде теледидарды қосу үшін
HOME түймесін басыңыз, кейін [Реттеулер] → [Желі] → [Үй желісін орнату] → [Қашықтан іске қосу] → [Қосулы] тармағын таңдаңыз.
[Қосулы] ретінде реттелсе, күту режим. қуат тұтыну ұлғаяды.
Сымсыз желі байланысын USB сымсыз LAN адаптерін UWA-BR100 теледидардың USB портына қосу арқылы орнатсаңыз, бұл функцияның іске қосылмайтынын ескеріңіз.
Ескертпелер
- [Қашық. басқару құрыл. / Renderer] [Қосулы] параметріне орнатылғанын тексеріңіз. Орнатымды растау үшін HOME түймешігін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Үй желісін орнату] → [Қашық. басқару құрыл. / Renderer] → [Қашық. басқару құрыл. / Renderer] таңдаңыз.
- «TV SideView» аты мен қол жетімді функциялары өзгеруі мүмкін.