- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Желі/бағдарлама белгілері
Желі/бағдарлама белгілері
Кейде сымсыз LAN желісін пайдаланғанда, бейне ағынының сапасы нашар болады.
- Сымсыз желі қосылымының сапасы TV/USB сымсыз LAN адаптері мен сымсыз маршрутизатор (кіру нүктесі) арасындағы қашықтыққа немесе кедергілерге, ортадағы кедергілерге және сымсыз маршрутизатордың (кіру нүктесі) сапасына байланысты өзгеріп отырады. USB сымсыз LAN адаптері пайдаланылса, бейне ағынын тасымалдау үшін 5ГГц жиілікте жұмысты қолдайтын сымсыз маршрутизаторды (кіру нүктесі) пайдалану және оны USB сымсыз LAN адаптеріне жақынырақ орналастыру ұсынылады (ендірілген сымсыз LAN құрылғысы бар модельдерге қатысты емес).
- Ендірілген сымсыз LAN бар теледидар Bluetooth құрылғылары сияқты бірдей 2,4ГГц жиілік жолағын пайдаланады, сондықтан Bluetooth байланысына негізделген құралдар (мыс., тінтуір/3D көзілдірік және т.б.) бірге пайдаланылса, Wi-Fi ұсынатын байланыс жылдамдығының нашарлауы сирек болса да кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда, интернет үшін сымды байланысты пайдаланыңыз немесе USB сымсыз LAN адаптерімен 5ГГц жиілікте қосылыңыз.
Сымсыз LAN қосылымы үзілген немесе радио қабылдау нашар.
- ТД және сымсыз маршрутизаторды (кіру нүктесі) орнату орнын тексеріңіз. Сигнал күйіне келесі себептер әсер етуі мүмкін.
- - Басқа сымсыз құрылғылар, микротолқынды пештер, жарық шамдар, т.б. жанына қойылған.
-
- Сымсыз маршрутизатор (кіру нүктесі) мен ТД арасында едендер немесе қабырғалар бар.
Егер мәселе жоғарыдағыны тексергеннен кейін де жалғасса, сымды LAN қосылымын орнатып көріңіз. - USB сымсыз LAN адаптерін пайдаланғанда, негіз құрылғысымен (опциялық қосымша құрал) ұзартқыш кабельді пайдалана отырып сигнал кедергісін болдырмау үшін оны жылжытыңыз.
Теледидар 5ГГц жиілігінде сымсыз маршрутизатормен (немесе кіру нүктесімен) байланыс орната алмайды.
- Сымсыз маршрутизатормен (немесе кіру нүктесі) 5 Гц мәнінде қосу үшін қосымша USB сымсыз LAN адаптерін пайдаланыңыз. Содан кейін, [Wi-Fi Direct] дегенді [Өшірулі] күйіне қойыңыз. HOME түймешігін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Wi-Fi Direct] → [Өшірулі] таңдаңыз.
Интернет бейнесінің суреті нашар.
- Сапа бейне мазмұны провайдері қамтамасыз еткен бастапқы мазмұнға және қосылымның өткізу мүмкіндігіне байланысты.
Интернет бейнесіндегі сурет шағын.
- Ұлғайту және кішірейту үшін түсті түймелерді пайдаланыңыз.
Белгілі бір интернет бейне мазмұнында егжей-тегжейлер жоғалады.
- Бейне сапасы мен сурет өлшемі жылдамдығы жоғары желі жылдамдығына және мазмұн провайдерлерінің жеткізуіне байланысты.
Сурет сапасы жақсы, бірақ Интернеттік бейне мазмұнда дыбыс жоқ.
- Сапа бейне мазмұны провайдері қамтамасыз еткен бастапқы мазмұнға және қосылымның өткізу мүмкіндігіне байланысты.
- Интернет бейнесінің сипатына байланысты барлық бейнелерде дыбыс бола бермейді.
Интернет бейнелер нұсқаулығында көп бейнелерді көрмейсіз.
- OPTIONS түймесін басып, содан кейін қосымша мазмұнды көру үшін санаттарды таңдаңыз.
- ТД-дағы [Ата-аналық құлып] бағаларын тексеріңіз, кейбір интернет мазмұны файл бағасына негізделіп блокталуы мүмкін.
Бағдарламаларға қатынасу мүмкін емес.
- Маршрутизатордың/модемнің* LAN кабелі немесе AC қуат сымы дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
* Интернетке қосылу үшін маршрутизаторды/модемді алдын ала орнату керек. Маршрутизатор/модем параметрлерін алу үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз.
- Қолданбаларды кейін қолданып көріңіз. Қолданба провайдерінің сервері істен шыққан болуы мүмкін.
[Бағдарламалар] бөліміндегі кейбір бағдарламалар қол жетімді емес./[Барлық бағдарламалар] бөлімінен алынып тасталған.
- Теледидарды зауыттық параметрге қайта қою үшін [Зауыт реттеулері] қадамын орындаңыз. Бағдарламалар [Барлық бағдарламалар] бөлімінде қайта көрсетілетін болады. HOME түймесін басып, [Жүйелік реттеулер] → [Жалпы орнату] → [Зауыт реттеулері] → [Иә] → [Иә] тармағын таңдаңыз.
IPv6 протоколы орнатылған кезде теледидар интернетке кіре алмайды.
- IPv6 протколы қол жетімді емес болуы мүмкін, мұндай жағдайда IPv6 протоколы өшірулі режиміне орнатылады. HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [IPv6 орнату] → [IPv6 байланысын орнату] → [Жоқ] пәрменін таңдаңыз.