- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Қосылған құрылғы белгілері
Қосылған құрылғы белгілері
Қосылған құрылғыдан берілген сурет жоқ.
- Жалғанған құрылғыны қосыңыз.
- Құрылғы мен ТД арасындағы қосылымды тексеріңіз.
- Кірістер тізімін көрсету үшін түймешігін басып, қажетті кірісті таңдаңыз.
- USB құрылғыны дұрыс салыңыз.
- USB құрылғы тиісті түрде пішімделгенін тексеріңіз.
- Барлық USB құрылғылардың жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. Сондай-ақ, әрекеттер USB құрылғының мүмкіндіктеріне немесе ойнатылып жатқан бейне файлдарға байланысты өзгеріп отырады.
Бастапқы мәзірде қосылған құрылғыны таңдау мүмкін емес.
- Кабель қосылымын тексеріңіз.
Кейбір кіріс көздерін таңдау мүмкін емес.
- [AV алғашқы орнатуы] тармағына өтіп, кіріс көздері үшін [Әрқашан] параметрін растаңыз.
Сандық көздердегі кейбір бағдарламаларда егжей-тегжейлер жоғалады.
- Кейбір сандық таратулар мен DVD дискілерінде пайдаланылатын бастапқы мазмұнды сандық қысуға байланысты экранда аз мәлімет немесе бұрмаланулар шығуы мүмкін. Көрінетін бұрмаланулардың дәрежесі ТД анықтығы мен ажыратымдылығына байланысты.
Фотосуреттер экранда шағын болып көрінеді.
- Файлдың ажыратымдылығына немесе арақатынасына байланысты фотосуреттер толық экранда көрсетілмеуі мүмкін.
Фотосуреттерді немесе қалталарды көрсету үшін уақыт керек.
- Кескін өлшемдеріне, файл өлшеміне және қалтадағы файлдар санына байланысты кейбір фотосуреттерді немесе қалталарды көрсетуге біраз уақыт кетеді.
- USB құрылғыны ТД-ға USB кабель арқылы бірінші рет қосқанда, фотосуреттердің көрсетілуіне дейін бірнеше минут кетуі мүмкін.
SCART арқылы қосылған құрылғыдан берілген сурет жоқ.
- Кейбір модельдер келесі әрекетті қажет етуі мүмкін: OPTIONS түймесін басып, содан кейін [СКАРТ ЖАЗУЫ қосулы] параметрін таңдаңыз.
Қосылған «BRAVIA» Sync HDMI құрылғысын табу мүмкін емес.
- Құрылғыңыздың «BRAVIA» Sync дегенмен үйлесімдігін тексеріңіз.
- [HDMI басқару] дегеннің «BRAVIA» Sync-үйлесімді құрылғыда және теледидарда [BRAVIA Sync басқ.] дегеннің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Екінші AV қабылдағышын басқару мүмкін емес.
- Тек бір «BRAVIA» Sync-үйлесімді AV қабылдағышты пайдалануға болады.
Теледидар MHL құрылғысынан суретті және/немесе дыбысты көрсетпейді.
- MHL кабелін ажыратып, қайтадан жалғаңыз. Болмаса, MHL құрылғысын өшіріп, қайтадан қосыңыз және құрылғының экран құлпын ашыңыз.