- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Таратылым қаб-у белгі-рі
Таратылым қаб-у белгі-рі
Қосымша немесе қос бейнелер пайда болады.
- Кабель немесе антенна қосылымдарын тексеріңіз.
- Антеннаның орны мен бағытын тексеріңіз.
- [Motionflow] параметрін [Стандарт] немесе [Өшірулі] деп орнатыңыз. ([Motionflow] үйлесімді модельдер үшін ғана.)
Экранда тек қар іспеттес кедергі немесе қара сурет пайда болады.
- Автотюнингтің орындалған-орындалмағанын тексеріңіз.
- Антенна бұзылған немесе бүгілген бе, соны тексеріңіз.
- Антенна қызмет көрсету мерзімінің соңына жетті ме, соны тексеріңіз (қалыпты пайдалану үшін 3-5 жыл, теңіз жағалауындағы орында 1-2 жыл).
ТД арнасын қарағанда сурет немесе дыбыс шуы бар.
- Суреттің қабылдануын жақсарту үшін [Fine Tune]/[АДТ] орындаңыз. (Опция аты аймаққа/елге байланысты өзгеріп отырады.)
- Аналогтық режимде қабылданатын дыбыстың сапасын жақсарту үшін [Аудио сүзгіші] параметрін [Өшірулі], [Төмен] немесе [Жоғары] күйіне қойыңыз. (Аймаққа/елге байланысты [Аудио сүзгіші] функциясы ұсынылмауы мүмкін.)
- Суреттің қабылдануын жақсарту үшін [LNA] параметрін [Өшірулі] күйіне қойыңыз. (Жағдайға/аймаққа/елге байланысты [LNA] функциясы ұсынылмауы мүмкін.)
Кедергілері бар сурет.
- Антенна 75 омдық коаксиалды кабельмен қосылғанын тексеріңіз.
- Антенна кабелін басқа қосатын кабельдерден ары ұстаңыз.
- ТД кедергілерін болдырмау үшін зақымдалмаған антенна кабелін пайдаланыңыз.
Кейбір арналар бос.
- Бұл арна кодталған/жазылым қызметіне ғана арналған. Ақылы ТД қызметіне жазылыңыз.
- Бұл арна тек деректер үшін пайдаланылады (сурет немесе дыбыс емес).
- Тасымалдау туралы мәліметтер алу үшін таратушыға хабарласыңыз.
Сандық арналарды көре алмайсыз.
- Жергілікті орнатушыдан аймағыңызда сандық таратылымдар қамтамасыз етілген бе, соны сұраңыз.
- Күшейтуі жоғарырақ антеннаға жаңартыңыз.
Жерсерік арналарын көре алмайсыз. (Жерсерікпен үйлесімді модельдер ғана)
- Жергілікті орнатушыдан аймағыңызда жерсерік қызметтері қамтамасыз етіле ме, соны сұраңыз.
- LNB құрылғыңыз бен параметрлерді тексеріңіз.
Арналар түгел реттелмеген.
- [Бағд. алғашқы қол баптауы] ішіндегі параметрлерді теңшеу арқылы арналарды қолмен алдын ала орнатып көріңіз. (Аймаққа/елге/жағдайға байланысты [Бағд. алғашқы қол баптауы] және оның опцияларының қол жетімділігі өзгеріп отыруы мүмкін.)