- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігіне қатысты ақаулардың белгілері
Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігіне қатысты ақаулардың белгілері
Экран көшірмесін көрсету функциясын пайдалану үшін құрылғының қандай түрін жалғау қажет?
- Sony Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғыларды (мысалы, Xperia смартфонының кейбір модельдері) қосуға болады.
Экран көшірмесін көрсету функциясы Miracast технологиясы арқылы жұмыс істейді, сондықтан оны Miracast технологиясына сай келетін құрылғы арқылы жалғауға болады.
Теледидарды Miracast үйлесімді құрылғыға жалғау мүмкін емес.
- Miracast үйлесімді құрылғы (мыс., ноутбук) дұрыс жалғанбаса, HOME түймешігін басыңыз, сосын Экран көшірмесін көрсету функциясына арналған күту режимін көрсету үшін [Қосылған құрылғылар] → [Экран көшірмесін көрсету] таңдаңыз.
Бейне немесе дыбыс сигналы кейде үзіліп кетеді.
- Өзге сымсыз LAN құрылғылары немесе микротолқынды пештер сияқты радио толқындарды шығаратын құрылғылар сымсыз LAN қолданатын Экран көшірмесін көрсету фукнциясына кедергі келтіруі мүмкін. Теледидар немесе Sony Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғыларды (мысалы, Xperia смартфонының кейбір модельдері) осындай құрылғылардан алшақ ұстаңыз немесе мүмкін болса өшіріп тастаңыз.
- Ақпарат алмасу жылдамдығы құрылғылар арасындағы қашықтық немесе кедергілерге, құрылғы конфигурациясына, радио толқын күйіне, желінің бос немесе жиі қолданылуына немесе құрылғы түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Байланыс радио толқын күйіне байланысты үзіліп қалуы да мүмкін.
Кейбір ақылы бағдарламаларды қарау мүмкін емес.
- Негізгі құрылғы HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) 2.0/2.1 жүйесімен үйлесімді болу керек.
Кейбір ақылы бағдарламалар үйлесімді болып келмейтін негізгі құрылғыға байланысты көрсетілмеуі мүмкін.