- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Bluetooth тінтуір ақаул. бел.
Bluetooth тінтуір ақаул. бел.
Байланыс кенеттен үзіліп қалады немесе құрылғы жұмыс жасамайды.
- Құрылғы қосылған ба, соны тексеріңіз.
- Құрылғының батареяларын ауыстырыңыз.
- Құрылғыны қайта тіркеңіз.
- Bluetooth құрылғылар 2,4ГГц жиілігін пайдаланады, сондықтан сымсыз LAN кедергілерінің нәтижесінде байланыс жылдамдығы нашарлауы немесе аракідік үзіліп қалуы мүмкін.
Тұрмыстық электр жабдықтарын (мысалы, микро толқынды пештер немесе смартфондар) жанына қойсаңыз, радио толқын кедергісінің сезілуі ықтимал. - Сымсыз байланыс кедергілеріне байланысты теледидар немесе тінтуір метал үстелшеде жұмыс жасамауы мүмкін.
- Теледидар және өзге құрылғылар арасындағы тиімді байланыс қашықтықтарын білу үшін құрылғылардың пайдалану нұсқаулықтарын қараңыз.