- Бастапқы бет >
- Ақаулықтарды жою >
- Бір түртіп қаш-н бас-у ақауы.
Бір түртіп қаш-н бас-у ақауы.
Бір түртіп қаш-н бас-у істем-і не дұрыс істем-і.
- Батареяларды ауыстырыңыз.
- Бір нұқуға арналған қашықтан басқару пультін қайта тіркеңіз.
- Бір нұқуға арналған қашықтан басқару пульті 2,4ГГц жиілігін пайдаланады, сондықтан сымсыз LAN кедергілерінің нәтижесінде байланыс жылдамдығы нашарлауы немесе аракідік үзіліп қалуы мүмкін.
Тұрмыстық электр жабдықтарын (мысалы, микро толқынды пештер немесе смартфондар) жанына қойсаңыз, радио толқын кедергісінің сезілуі ықтимал. - Сымсыз байланыс кедергілеріне байланысты теледидар немесе бір нұқуға арналған қашықтан басқару пульті метал үстелшеде жұмыс жасамауы мүмкін.
- Теледидарды көріп отырғанда бір нұқуға арналған қашықтан басқару пультінің жоғарғы жағын қолмен көлегейлемеңіз.
- Бір нұқуға арналған қашықтан басқару пульті тек соңғы тіркелген теледидарды басқара алады.
- Теледидарға тек жалғыз бір нұқуға арналған қашықтан басқару пультін тіркеуге болады.
- Бір түрту арналған қашықтан басқару пультін теледидардан 7 м аралық ішінде пайдаланған жөн.
- Бір нұқуға арналған қашықтан басқару пультіндегі /// түймешіктері жұмыс жасамаса және түрлі-түсті LED шамдар жанып тұрса, /// түймешіктері түрлі-түсті түймешіктер ретінде жұмыс жасайды. /// түймешіктері ретінде пайдалану үшін түрлі-түсті LED шамдарды өшіру үшін COLOUR KEY түймешігін басыңыз.
- Бір нұқуға арналған қашықтан басқару пультінің түрлі-түсті түймешіктері жұмыс жасамаса, COLOUR KEY түймешігін басыңыз. Түрлі-түсті LED шамдар жанады және түрлі-түсті түймешіктерді пайдалануға болады.
Батареялардың қуаты жылдам таусылады.
- NFC үйлесімді құрылғыны қашықтан басқару пультінің артындағы NFC сенсорлы нүктесінің үстіне апарып, қол бұлғағандай жан-жаққа қозғалтсаңыз, батарея қуатының тұтынылуы артады. Батарея жұмысын NFC құрылғыны қашықтан басқару пультінен алшақ ұстау арқылы жақсартуға болады.