- Бастапқы бет >
- ТД қарау >
- Бағдарламалар нұсқаулығын пайдалану
Бағдарламалар нұсқаулығын пайдалану
Шолу
Таңдаулы бағдарламаларды және егжей-тегжейлі бағдарлама туралы ақпаратты тез таба аласыз. Сондай-ақ, бағдарламаларды жанры бойынша іздеуге, таңдаулы бағдарлаларды тіркеуге, т.б. болады. (Бұл функция тек сандық таратылымдар үшін қол жетімді және модельге/аймаққа/елге байланысты.)
Қадамдар
Сандық бағдарламалар нұсқаулығын көрсету үшін GUIDE түймесін басыңыз.
/// түймелерін пайдаланып көретін бағдарламаны таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
Сандық бағдарламалар нұсқаулығын жабу үшін GUIDE түймесін басыңыз.
Бағдарламаларды жанры бойынша іздеу
OPTIONS түймесін басыңыз, [Бағдарлама жанрларының тізімі] тармағын, қалаған жанрды, содан кейін қалаған бағдарламаны таңдаңыз.
Таңдаулы арналарды тіркеу
Арналарды тіркеу үшін OPTIONS түймесін басыңыз, [Таңд орнату] пәрменін, қалаған санатты таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Еске салғыштарды орнату
Келешек бағдарламалар үшін еске салғыштарды орната аласыз. Нұсқаулықта келешек бағдарламаны таңдағаннан кейін [Ескерту] пәрменін таңдаңыз.
Еске салғыштары орнатылған бағдарламаларды тізу үшін HOME түймешігін басып, [ТД] → [Жазулар] → [Таймер тізімі] таңдаңыз.
(Бұл функция модельге/аймаққа/елге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.)
Сандық бағдарламалар нұсқаулығы экраны туралы
- Бейне терезесі
Нұсқаулыққа кіргенге дейін соңғы көрген бағдарламаны* көрсетеді.
* Аймаққа/елге байланысты көрсетілмеуі мүмкін.- Санат
Санатқа сай барлық арналарды қамтитын санат атауын (мысалы, [Нұсқ. сүйік-рі 1]) көрсетеді.
- Ақпараттық жолақ
Бөлектелген бағдарлама туралы ақпаратты көрсетеді.
- Арна туралы ақпарат
Таратушының арна тақырыбын және нөмірін көрсетеді.
- Бағдарламалар тізімі торы
Көретін бағдарламаны таңдауға немесе еске салғыш* ретінде орнатуға мүмкіндік береді.
* Еске салғыш ретінде орнатудың қол жетімділігі аймаққа/елге байланысты.