- Бастапқы бет >
- Басқа құрылғыларды пайдалану >
- Аудио кабельдік қосылым
Аудио кабельдік қосылым
Байланыстыру
Аудио жүйені (мысалы, күшейткіш) ТД-ға аудио кабельді пайдаланып қосыңыз.
Кеңестер
- Пайдаланудан бұрын өзге құрылғыларды жалғауға қатысты мәліметті алу және баптау үшін дыбыс жүйесінің нұсқаулығын қараңыз.
Қадамдар
Қосылымды орнатқаннан кейін HOME түймесін басып, [Реттеулер] параметрін / түймелерін пайдаланып таңдаңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Дыбыс] тармағына өтіңіз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Құлаққап/Аудио шығуы] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Аудио шығуы] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
Соңғы қаралған мәнге оралу үшін HOME түймесін екі рет басыңыз.
Жалғанған аудио жүйені қосып, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Кеңестер
- Сыртқы аудио жүйені пайдаланғанда, [Аудио шығуы] [Өзгермелі] күйіне орнатылған болса, теледидардың аудио шығысын теледидардың қашықтан басқару пультін пайдаланып басқаруға болады. HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Дыбыс] → [Аудио шығуы] → [Өзгермелі] пәрменін таңдаңыз.