- Бастапқы бет >
- «BRAVIA» Sync құрылғыларын пайдалану >
- «BRAVIA» Sync параметрлерін орнату
«BRAVIA» Sync параметрлерін орнату
Шолу
Егер «BRAVIA» Sync-үйлесімді құрылғы (мысалы, BD ойнатқышы, AV күшейткіші) HDMI кабелімен жалғанған болса немесе «BRAVIA» Sync-үйлесімді құрылғы (мысалы, смартфон, планшет) MHL кабельмен жалғанған болса, бұл теледидар құрылғыны теледидардың пультімен басқаруға мүмкіндік береді.
Қадамдар
Жалғанған құрылғыны қосыңыз.
HOME түймешігін басып, [Реттеулер] параметрін / түймешіктері арқылы таңдаңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Сыртқы кірулер] тармағына өтіңіз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [BRAVIA Sync баптаулары] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [BRAVIA Sync басқ.] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Қосулы] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
Жалғанған құрылғыда «BRAVIA» Sync функциясын іске қосыңыз.
Sony «BRAVIA» Sync үйлесімді нақты құрылғы жалғанып, қосылғанда және [BRAVIA Sync басқ.] параметрі [Қосулы] күйіне орнатылғанда, сол құрылғыдағы «BRAVIA» Sync функциясы автоматты түрде іске қосылады.
Мәлімет алу үшін жалғанған құрылғының нұсқаулығын қараңыз.
Соңғы көрген көзге оралу үшін HOME түймесін екі рет басыңыз.
ТД өшіргенде жалғанған құрылғыны автоматты түрде өшірмеу үшін
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [Авто жабдықтар өшірулі] → [Өшіру] пәрменін таңдаңыз.
Жалғанған құрылғыны қосқанда, ТД автоматты түрде қоспау үшін
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [Авто ТД қосулы] → [Өшіру] пәрменін таңдаңыз.
Теледидар кірісін MHL кабелімен жалғанған сәйкес құрылғыға ауыстыру үшін
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Сыртқы кірулер] → [BRAVIA Sync баптаулары] → [Авто кіріс өзгерісі(MHL)] → [Қосулы] пәрменін таңдаңыз.
Қол жетімді «BRAVIA» Sync әрекеттері
BD/DVD ойнатқышы
- Бастапқы мәзірінде немесе Sync Menu мәзірінде таңдағанда, «BRAVIA» Sync-үйлесімді құрылғысын автоматты түрде қосады және кірісті сол құрылғыға ауыстырады.
- ТД автоматты түрде қосады және құрылғы ойнай бастағанда, кірісті жалғанған құрылғыға ауыстырады.
- ТД-ды өшіргенде, жалғанған құрылғыны автоматты түрде өшіреді.
- Теледидардың қашықтан басқару пульті арқылы жалғанған құрылғының мәзір әрекеттерін (/// түймелері), ойнатуды (мысалы, түймесі) және арнаны таңдауды басқарады.
AV күшейткіші
- ТД қосқанда, жалғанған AV күшейткішін автоматты түрде қосады және дыбыс шығысын ТД динамигінен аудио жүйеге ауыстырады. Бұл функция бұрын ТД дыбысын шығару үшін AV күшейткішін пайдаланған болсаңыз ғана қол жетімді.
- ТД қосылғанда, AV күшейткішін қосу арқылы дыбыс шығысын AV күшейткішіне автоматты түрде ауыстырады.
- ТД өшіргенде, жалғанған AV күшейткішін автоматты түрде өшіреді.
- ТД қашықтан басқару пульті арқылы жалғанған AV күшейткішінің дыбыс деңгейін реттейді ( +/– түймелері) және дыбысты өшіреді ( түймесі).
Бейнекамера
- Жалғанған бейнекамера қосылғанда, ТД автоматты түрде қосады және кірісті жалғанған бейнекамераға ауыстырады.
- ТД өшіргенде жалғанған бейнекамераны автоматты түрде өшіреді.
- Теледидардың қашықтан басқару пульті арқылы жалғанған бейнекамераның мәзір әрекеттерін (/// түймелерін), ойнатуды (мысалы, түймесі) және арналарын таңдауды басқарады.
Ескертпелер
- «BRAVIA Sync басқ.» («BRAVIA» Sync) функциясы «BRAVIA» Sync логотипі бар жалғанған «BRAVIA» Sync-үйлесімді құрылғыда ғана болады.