- Бастапқы бет >
- «BRAVIA» Sync құрылғыларын пайдалану >
- HDMI/MHL құрылғ. басқ. түймеш-ді белгілеу
HDMI/MHL құрылғ. басқ. түймеш-ді белгілеу
Шолу
Теледидардың қашықтан басқару пультінің түймелерін жалғанған HDMI/MHL құрылғыны басқаратындай етіп орнатуға болады.
Қадамдар
HOME түймешігін басып, [Реттеулер] параметрін / түймешіктері арқылы таңдаңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Сыртқы кірулер] тармағына өтіңіз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [BRAVIA Sync баптаулары] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Құрылғыны басқару пернелері] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып қалаған опцияны таңдап, содан кейін түймесін басыңыз.
Соңғы көрген көзге оралу үшін HOME түймесін екі рет басыңыз.
Қол жетімді опциялар
- [Жоқ]
- ТД қашықтан басқару пультімен басқаруды өшіреді.
- [Қалыпты]
- Шарлау түймелері (жоғары, төмен, солға немесе оңға, т.б.) сияқты негізгі әрекеттерді қосады.
- [Тюнинг пернелері]
- Негізгі әрекеттерді және PROG +/– түймелері немесе 0 - 9 түймелері, т.б. сияқты арналарға қатысты түймелерді пайдалануды қосады.
Қашықтан басқару пультінің көмегімен тюнерді немесе телеприставканы басқарғанда пайдалы. - [Мәзір пернелері]
- Негізгі әрекеттерді және HOME/OPTIONS түймелерін пайдалануды қосады.
Қашықтан басқару пульті арқылы BD ойнатқышының мәзірлерін басқарғанда пайдалы. - [Тюнинг және Мәзір түйм.]
- Негізгі әрекеттерді және HOME/OPTIONS түймелері мен арналарға қатысты түймелерді пайдалануды қосады.