- Бастапқы бет >
- Интернетті пайдалану >
- Интернет бейнесін қарау
Интернет бейнесін қарау
Шолу
Әр түрлі талап бойынша ойын-сауықты жеткізетін шлюзге қатынасу арқылы Интернет бейне мазмұнын, соның ішінде фильмдерді және мультфильмдерді тамашалай аласыз.
Қадамдар
Жылдамдығы жоғары Интернет қосылымын орнату.
HOME түймесін басып, / түймелерін пайдаланып [Бағдарламалар] пәрменін таңдаңыз.
/ түймелерін пайдаланып [Барлық бағдарламалар] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/// түймелерін пайдаланып қалаған қызметті таңдап, содан кейін түймесін басыңыз.
/// түймелерін пайдаланып қалаған мазмұнды таңдап, содан кейін түймесін басыңыз.
Соңғы көрген көзге оралу үшін HOME түймесін екі рет басыңыз.
Бейне мазмұнда алға/артқа іздеу
Қашықтан басқару пультіндегі экрандағы басқару көрсеткіштеріне сай келетін түймелерді басыңыз.
Бейненің/аудионың үзілуін болдырмау үшін
Желі ортасына я болмаса мазмұнның, бейненің немесе дыбыстың деректер өлшеміне байланысты үзілу орын алуы мүмкін.
Үзілуді мазмұнды USB құрылғысында (қамтамасыз етілмеген) уақытша сақтау арқылы болдырмауға болады. Сонда бейнені біркелкі ойната аласыз. Бұл функция таңдағанда белгішесімен көрсетілетін қызметтерде қол жетімді.
Бұл функцияны пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
- USB құрылғысын қосу
ТД-дың USB портына USB 2.0 немесе одан жоғарырақты қолдайтын USB құрылғысын жалғаңыз.
- USB құрылғысын тіркеу
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Жүйелік реттеулер] → [USB құрылғысын тіркеу] пәрменін таңдаңыз.
Тіркегенде USB құрылғысы пішімделетінін және бүкіл сақталған деректер жойылатынын ескеріңіз.
USB құрылғысын тіркеуден шығару [USB құр. тіркеуден шығару] пәрменін таңдаңыз.
Қол жетімді қызметтің мазмұнын көргенде, ТД-дың USB портына тіркелген USB құрылғысын жалғаңыз. Ойнату кезінде үзілу бола қалса, мазмұн USB құрылғысында уақытша сақталады.
Бұл тіркелген USB құрылғы теледидарға жалғанған құрылғылар тізімінде көрінбейді.
Интернет бейне мазмұны қызметтерін жаңарту
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Ғаламтор мазмұнын жаңарту] пәрменін таңдаңыз.
Кеңестер
- Ақпараттық баннерде бөлектелген белгіше туралы ақпарат пайда болады.
- Интернет мазмұнына интерфейс Интернет мазмұнының провайдерлеріне байланысты.
Ескертпелер
- Егер қиындықтар болса, Интернет қосылымы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
- Қызметтер ТД-дың [Ата-аналық құлып] параметріне негізделіп бейне мазмұнды бұғаттайды. Кейбір қызмет провайдерлері бұл функцияны қолдамайды.