- Бастапқы бет >
- Негізгі әрекеттер >
- Пайдалы OPTIONS түймесі
Пайдалы OPTIONS түймесі
OPTIONS түймесінің көмегімен функцияларға тез қатынасу
OPTIONS түймесін басқанда, опциялар мәзірі пайда болады және қазіргі уақытта көрсетілген экран үшін қол жетімді функцияларға тез қатынасуды қамтамасыз етеді. (Опциялар мәзіріндегі элементтер таңдалған экранға байланысты өзгеріп отырады.) Бұл Бастапқы мәзірімен салыстырғанда функцияларға тезірек қатынасуға мүмкіндік береді.
Қадамдар
Опциялар мәзірін көрсету үшін OPTIONS түймесін басыңыз.
/ түймелерін пайдаланып элементті таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
/// түймелерін пайдаланып элементті таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
Жұмыс кезінде алдыңғы экранға оралу үшін RETURN түймесін басыңыз.