- Бастапқы бет >
- Негізгі әрекеттер >
- i-Manual пайдалану әдісі
i-Manual пайдалану әдісі
Ақпаратты іздеу
Бұл i-Manual барлық функцияларды пайдалану жолын түсіндіреді. i-Manual негізгі бетінде ақпаратты іздеудің қалаған әдісін таңдауға болады.
- Мазмұны: тақырыптар тізімінде іздейді.
- Ақаулықтарды жою: мәселелердің шешімдерін іздейді.
- Индекс: функция/мүмкіндік аты бойынша іздейді.
// қойындыларының арасында ауысу үшін / түймелерін пайдаланыңыз.
Кеңестер
- Берілген қағаз нұсқаулықта сәтсіз жағдайларды болдырмау үшін сақтық шаралар мен жұмыс істеу туралы нұсқаулар сияқты маңызды ақпарат бар. Қауіпсіз пайдалану үшін берілген қағаз нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Қадамдар
Процедураның мысалы: «Мазмұны» іздеу
Осы нұсқаулықтың негізгі бетінде / түймелерін пайдаланып «Мазмұны» қойындысын таңдаңыз.
/ түймелерін пайдаланып экранның сол жағында тақырыпты таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
Экранның оң жағындағы тақырыптар экранның сол жағында таңдалған тақырыпқа сай өзгереді./ түймелерін пайдаланып экранның оң жағындағы тақырыпты таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
Таңдалған тақырыптың беті пайда болады.Келесі бетке өту үшін түймесін басыңыз.
Алдыңғы бетке оралу үшін түймесін басыңыз.
Негізгі бетке өту
Экранның төменгі жағында көрсетілген сәйкес түсті түймені басыңыз.
i-Manual жабу
i-MANUAL түймесін басыңыз.
i-MANUAL түймесін қайта бассаңыз, алдында көрсетілген бет қайта пайда болады. ТД өшкеннен кейін i-MANUAL түймесін бассаңыз, негізгі бет пайда болады.
ТД пайдалану кезінде бетті қайта көрсету
ТД экраны мен i-Manual алдында көрсетілген беті арасында ауыстырып қосу үшін i-MANUAL түймесін қайта-қайта басыңыз. Осылайша, ТД пайдалану кезінде i-Manual қарай аласыз.
Жиі көретін беттерді сақтау (бетбелгі)
Түсті түймені пайдаланып, осы нұсқаулықта жиі көретін беттерді сақтай аласыз. Бетбелгі қою туралы мәліметтерді алу үшін экранның төменгі жағында [Сілтеме көрсету] сай келетін түсті түймені таңдаңыз.