- Бастапқы бет >
- ТД қарау >
- 3D түрінде көру
3D түрінде көру
Шолу
Сіз стереоскопиялық 3D ойындар және Blu-ray 3D дискілері сияқты қуатты 3D ойын-сауықты пайдалана аласыз. Сондай-ақ, кәдімгі 2D мазмұнды 3D әсерімен көре аласыз.
Осы теледидарда Іске қосылған 3D көзілдірікті пайдалану үшін алдын ала тіркелу қажет. Қосулы 3D көзілдірікті басқа теледидарда пайдалансаңыз, қайта тіркелуіңіз қажет.
Теледидар және Қосулы 3D көзілдіріктің байланыс ауқымы
Таңдаулы көру күйін тиісті ауқымда сақтау керек. Келесі кестені қараңыз.
Ұсынылған ең аз қарау қашықтығы экран биіктігінен 3 есе артық.
Жұмыс жасау қашықтығы кедергілерге (адам, метал, қабырғалар, т.б.) немесе электромагнитті толқындарға байланысты болады.
Кеңестер
- Егер қосымша Іске қосылған 3D көзілдірігін сатып алсаңыз, TDG-BT500A моделін таңдаңыз.
Қадамдар
Қосулы 3D көзілдірікті алғаш рет пайдаланудан бұрын батареяның изоляциялағыш қабатын алып тастаңыз.
Қосулы 3D көзілдірікті алғаш пайдаланған кезде, көзілдірікті теледидардан 50 см қашықтықта ұстап, теледидарды қосыңыз және (Қуат) түймесін/индикаторын 2 секундқа басыңыз.
Қосулы 3D көзілдірік қосылып, тіркелу басталады ( (Қуат) түймесі/индикаторы жасыл және сары түспен жыпылықтайды). Тіркелу аяқталған кезде, экранның төменгі оң жағында 5 секунд көрініп тұратын хабар пайда болады және индикатор 3 секундқа жасыл түспен жанады. Бұл әрекетті тек бір рет орындау қажет.
Тіркеу сәтті болмаса, Қосулы 3D көзілдірік автоматты түрде сөнеді. Мұндай жағдайда, жоғарыдағы әрекеттерді қайталаңыз.
Теледидар экранында 3D режимінде көретін мазмұнды көрсетіңіз.
Қосулы 3D көзілдірікті киіп алыңыз. 3D суретті қараған кезде, (Қуат) индикаторы әр 2 секунд сайын жасыл түспен жанады.
Егер 3D әсеріне жетпесе, келесі қадамдарды орындаңыз.
3D түймесін [3D көрсетілімі] экранын көрсету үшін басыңыз.
Көрсетілетін мазмұнға қолайлы 3D түймесін [3D көрсетілімі] режимін таңдау үшін қайта-қайта басыңыз.
[3D (Іргелес)]: 3D режимінде қатар суреттерді көрсетеді.
[3D (Жоғары-Төмен)]: 3D режимінде асты-үсті суреттерін көрсетеді.
[3D (Жасанды 3D)]: Жасанды 3D режимінде кәдімгі 2D суреттерді көрсетеді.
[2D (Тек сол)]: Дәл сол сурет қатарласа пайда болған кезде, сол жақтағы сурет кеңейтіліп, 2D пішімінде көрсетіледі.
[2D (Тек үсті)]: Дәл сол сурет асты мен үстінде көрсетілген кезде, жоғарғы сурет кеңейтіліп, 2D пішімінде көрсетіледі.
Кіріс сигналына немесе пішіміне қарай, [3D (Іргелес)]/[3D (Жоғары-Төмен)]/[2D (Тек сол)]/[2D (Тек үсті)] дегенді таңдау жүзеге аспауы мүмкін.
Соңғы көрген көзге оралу үшін HOME түймесін екі рет басыңыз.
3D мәзірден шығу үшін RETURN түймешігін басыңыз.
Іске қосылған 3D көзілдірігі функциясын өшіру
Іске қосылған 3D көзілдірігінің (қуат) түймесін 2 секунд ұстап тұрыңыз. 1 минуттан астам уақыт бойы теледидардан ешбір сигнал болмаса, Іске қосылған 3D көзілдірігі функциясы автоматты түрде өшеді. Оларды қайта іске қосу үшін (қуат) түймесін басыңыз.
Іске қосылған 3D көзілдірігін басқа теледидармен пайдалану
Іске қосылған 3D көзілдірігін қайта тіркеу қажет. Іске қосылған 3D көзілдірігі функциясын өшіріп, 2-қадамды орындаңыз.
3D әсерін өшіру
3D түймесін [Өшірулі] пәрменін [3D көрсетілімі] ішінде таңдау үшін қайта-қайта басыңыз.
SimulView™ режимін пайдалану
(Бұл функция модельге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.)
SimulView™ режимі бір ойынды ортақ экранда қарау барысында екі ойыншыға бір-біріне тәуелсіз экран суреттерін толық экранда қарауға мүмкіндік береді. Сурет 2D пішімінде көрінеді. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін ойын бағдарламасы SimulView™ қолдауы тиіс.
Осы режимді пайдаланған кезде, Қосулы 3D көзілдірік автоматты түрде SimulView™ режиміне ауысады. Қосулы 3D көзілдіріктің түймешігін әр басу арқылы ойыншыларды төмендегідей ауыстыруға болады.
- Режим: SimulView™ режимі (Ойыншы 1) ←→ SimulView™ режимі (Ойыншы 2)
- Индикатор: Сары LED индикатор SimulView™ режимінде (ойыншы 1) әрбір 2 секунд сайын бір рет жыпылықтайды ←→ Сары LED индикатор SimulView™ режимінде (ойыншы 2) әрбір 2 секунд сайын екі рет жыпылықтайды
3D параметрлерін реттеу
Келесі 3D параметрлерін реттеуге болады.
HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Дисплей] → [3D реттеулері] пәрменін, қалаған опцияны таңдаңыз.
- [3D көрсетілімі]
- Дисплей режимдерін ауыстыруға болатын [3D көрсетілімі] ашады.
- [3D тереңдік баптауы]
- Экрандағы 3D суреттердің тереңдігін реттейді (тек 3D сигналдары бар мазмұн үшін қол жетімді). Көруге қолайлы тереңдікке оңтайландыру үшін [Авто(Жоғары)] түймесін басыңыз. Бастапқы суретке жақын көруге қолайлы тереңдікпен қамтамасыз ету үшін [Авто(Төмен)] тармағын таңдаңыз. Сонымен қатар, реттеу мәнін қолмен орнатуға болмайды.
- [Жасанды 3D әсері]
- Жасанды 3D режимде 2D суреттерді көрсеткенде 3D әсерін көбейтеді/азайтады.
- [3D көзілдірігі жарықтығы]
- 3D дисплей режимі пайдаланылған кезде сурет жарықтығын орнатады. [Авто] таңдау арқылы Қосулы 3D көзілдіріктен өтетін суреттің жарықтығы [Сурет режимі] орнатымымен бірге автоматты түрде реттеледі.
- [Авто 3D]
- 3D сигналы анықталған кезде 3D дисплей режиміне автоматты түрде ауысу үшін [Авто 1] параметрін таңдаңыз.
Егер 3D сигналы анықталмаса, суретті 3D ақпаратына талдайтын және 3D дисплей режиміне автоматты түрде ауыстыратын [Авто 2] параметрін таңдаңыз.
3D дисплей режимінің автоматты түрде таңдалуын болдырмау үшін [Өшірулі] параметрін таңдаңыз.
Кіріс сигналына немесе пішіміне қарай, 3D дисплей режимі автоматты түрде қосылмауы мүмкін.
Мұндай жағдайда, 3D дисплей режимін қолмен таңдау үшін 3D түймесін басыңыз. - [3D сигнал ескертуі]
- 3D сигнал анықталғанда хабарландырады.
Батареяны ауыстыру
LED индикатор батарея қуатының төмендігін білдірсе (индикатор әрбір 2 секунд сайын 3 рет жасыл түспен жанады (SimulView™ режимі болғанда сары болады), батареяны ауыстырыңыз. CR2025 батареясын ғана пайдаланыңыз. Қалам ұшының және т.б. көмегімен құлыпты ашу түймесін басып, батарея қақпағын ашып, жаңа батареяны салыңыз. Содан кейін, батарея қақпағын қайта бекітіп қоюды ұмытпаңыз.
Кеңестер
- Көзілдірік кисеңіз, Қосулы 3D көзілдіріктің мұрын төсемесін төмен тарту арқылы алып тастап, өз көзілдірігіңізді үстінен киіңіз.
Ескертпелер
- [3D көрсетілімі] режимі [Өшірулі] күйіне қойылған кезде, SimulView™ режимін таңдау мүмкін емес.
- Суретке байланысты бір ойнатқыш екінші ойнатқыштың суретін SimulView™ режимін пайдаланған кезде көре алады.
- 3D әсер тек суреттер толық экранда көрсетілгенде қол жетімді.
- Егер [Motionflow] [Өшірулі] параметрінен басқа параметрге орнатылған болса, суреттің біркелкі қозғалысы жоғалуы мүмкін, өйткені экранның жыпықтауын азайтудың сурет процесі қолданылады. Мұндай жағдайда, бастапқы суретті көрсету үшін [Motionflow] [Өшірулі] параметріне орнатыңыз.
- Ұсынылған көру бұрышы мен қашықтығы теледидар орнына және бөлме жағдайларына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
- Кейбір сурет көздерінде 3D әсері онша анық болмауы мүмкін.
- Қабылданатын 3D әсер әр адамда әр түрлі болуы мүмкін.
- Қоршаған ортаның температурасы төмен болса, 3D әсер немесе SimulView™ әсері онша анық болмауы мүмкін.
- 4K 3D сигналы анықталмады.
- Көзілдірікті күтіп ұстау
- Көзілдірікті жұмсақ шүберекпен ақырын сүртіңіз.
- Кетуі қиын дақтарды сабын мен жылы су араласқан ерітіндіге сәл ғана малынған шүберекпен кетіруге болады.
- Химиялық тазартқыштар қолданылған шүберекті пайдалансаңыз, қорабындағы нұсқауларын орындауды ұмытпаңыз.
- Тазалау мақсатында сұйылтқыш, алкоголь немесе бензин сияқты қатты еріткіш нәрселерді ешқашан пайдаланбаңыз.